Оқулықтар туралы ақпарат


-2022 оқу жылына арналған



бет2/9
Дата12.04.2022
өлшемі202,93 Kb.
#139069
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КТП-2021

2021-2022 оқу жылына арналған
Информатика
пәні бойынша
тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Сынып: 5-10
Аптадағы сағат: 1
Барлық сағат: 13


Оқулықтар туралы ақпарат:

5 сынып. Информатика, «АЛМАТЫКІТАП» баспасы, Р.А. Қадырқұлов, Г.К.Нұрмұханбетова.


6 сынып. Информатика, «АЛМАТЫКІТАП» баспасы, Р.А. Қадырқұлов,
Г.К.Нұрмұханбетова.
7 сынып. Информатика, «АЛМАТЫКІТАП» баспасы, Р.А. Қадырқұлов, Ә.Д.Рысқұлбекова, Г.К.Нұрмұханбетова.
8 сынып. Информатика, «АЛМАТЫКІТАП» баспасы, Р.А. Қадырқұлов, Ә.Д.Рысқұлбекова, Г.К.Нұрмұханбетова.
9 сынып. Информатика, «АЛМАТЫКІТАП» баспасы, Р.А. Қадырқұлов, Г.К.Нұрмұханбетова.
10 сынып. Информатика, ЖМБ, «Арман-ПВ» баспасы, Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова.

Мұғалім: Келес Г.


МҰҒАЛІМ КҮНТІЗБЕСІ


Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны



ІХ

Х

ХІ

ХІІ

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

Барлығы

Жыл бойы

4

4

4

4

3

4

3

4

4

34

34

І
ТОҚСАН

ІІ
ТОҚСАН

ІІІ
ТОҚСАН

ІV
ТОҚСАН

БАРЛЫҒЫ

ЖЫЛ
БОЙЫ

8

8

10

8

34

34



Демалыстар

Күзгі 7 күн, (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда)


Қысқы 11 күн, (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда)
Көктемгі 12 күн, (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда)
Қосымша ____(күн) ________


(1-ші сыныптар үшін) ________________________________________
Оқу жылының аяқталуы 25 мамыр 2022 жыл

САБАҚТАР МЕН ҮЗІЛІСТЕР
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
1 АУЫСЫМ



Саб. №

Сағат

Үзілістер

дс

сс

ср

бс

жм

сн







сынып

1




























2




























3




























4




























5




























6




























7




























8




























9






























Түсінік хат
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1, 3-4 сыныптар.


«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер; Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
«Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
«Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану.
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
«Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
Есептей білу». Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі:
1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын бағдарламалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; «2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»;
Бұл жағдайда 1-тоқсанға арналған оқу бағдарламасындағы мына:
«3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)»; «3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру»; «3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру»; «3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру»; «3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру»
Оқу мақсаттары 2-тоқсандағы «3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу»; «3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау»; «3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу»; «3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу»; «3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру» оқу мақсаттарымен кіріктіріледі.
3-тоқсандағы оқу бағдарламасының «Робототехника» бөлімшесіндегі 3.1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу; 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану оқу мақсаттарына 1-сыныптың оқу бағдарламасындағы: «1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау»; «1.5.1.2 роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу»; «1.5.2.1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.2 дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.4 роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.5 роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру» оқу мақсаттарын кіріктіру қажет.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады. Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық», «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.

«Информатика» оқу пәні 5 – 9 сыныптар.


2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат; 6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат. 7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат; 8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат. 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш- жады)»;
Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;қпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»;Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»; «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығын анықтау»;

  • «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».




  • -сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:

  • «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі сипаттамалары»;

  • «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»;

  • «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі»;

  • «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»;

  • «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер құру»;

  • «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»;

  • «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»;

  • «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері», «Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»;

  • «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия».

«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс:

  • пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);

  • білім алушыларға қиындықтар тудырған және білімінде олқылықтары бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау;

Жоспарлау жұмысы:

  • бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);

  • өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту;

  • меңгерілмеген оқу мақсаттары мен тақырыптарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар құру;

  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.

Жүзеге асыру және талдау:

  • өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;

- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;
меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;
оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;
мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау.
Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша анықталған олқылықтарды 4 блокқа топтастырға болады:
ақпарат, ақпараттық процестер (ақпаратты ұсыну және өлшеу);
қолданбалы программалар (компьютерлік графика, 3D – баспа, мәтіндік құжатпен жұмыс, электронды кестемен жұмыс, деректер базасы);
программалау (робототехника, алгоритмдеу, Python тілінде программалау);
компьютерлік жүйелер, желілер және қауіпсіздік (компьютер мен желінің техникалық сипаттамалары, компьютер таңдау);
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:

  • -сыныпта - 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсаты мен 5.1.1.1 ақпараттың цифрлық тасымалдау құралдарын сипаттау оқу мақсатын;

  • -сыныпта - 7.1.1.1 компьютердің жады түрлерінің мақсаттарын сипаттау (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады) оқу мақсаты мен 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсатын;

  • -сыныпта - 8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау оқу мақсаты мен 7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу оқу мақсатын;

  • -сыныпта - 9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру оқу мақсатын;

  • «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;

  • электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын меңгертуде электрондық кестенің элементтерін пішімдеуді қайталап оқыту ұсынылады.

Информатика сабақтарындағы пәнаралық байланыстар білім алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді, оқу пәндеріне кешенді көзқарас қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді, бағдарламалық материалды терең түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту сапасын арттырады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардың орындалуы педагогтер назарында болуы керек.
Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны жетілдіреді, нәтижені жариялайды.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны 47-кестеде берілген.
47-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

5 сынып

1

1

1

1

6 сынып

1

1

2

1

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

1

1

2

1

9 сынып

2

1

2

1

ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.


«Информатика» оқу пәні. 10 – 11 сыныптар.


2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14- қосымшаға сәйкес оқытылады.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан;

  • жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады..
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды.
«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс:

  • пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);

  • білім алушыларға қиындықтар тудырған, білімінде олқылықтары бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау;



Жоспарлау жұмысы:

  • бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);

  • өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту;

  • меңгерілмеген оқу мақсаттары мен тақырыптарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар құру;

  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.

Жүзеге асыру және талдау:

  • өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;

- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;

  • меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;

  • оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;

  • мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау.

Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:
10-сыныпта:

  • "реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру;

  • жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру оқу мақсаттары мен 9.2.2.1 "дерекқор, жазба, өріс" терминдерін түсіндіру;

9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын;


11-сыныпта:
11.3.4.3 дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалау оқу мақсатын жүзеге асыруда электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалануды қайталау. Сонымен бірге, 10-сыныптағы алгоритмдер мен программалар тақырыптарында негізгі алгоритмдік құрылымдардың орындалу реті мен программалау тілінде жазылу ережелерін үнемі қайталап еске түсіріп отыру керек.
Интернет – қолжетімді ақпарат көздерінің бірі болғандықтан 10-11-сынып білім алушыларының интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік ережелерін, этикалық нормаларын сақтауы талап етіледі. Білім алушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы, оған қажет білім базаларын (оның ішінде «Информатика» пәні бойынша) анықтауы, мамандықтың қолдану салалары мен болашағымен танысуы үшін әр түрлі дерек көздерін тиімді пайдалануға бағыттау қажет. Сонымен бірге танымдық қызығушылықты, шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше үйрену, қолдану қабілеттерін дамыту мақсатында қашықтан оқу курстарын пайдалануға назар аудару ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


«Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 79-кестеде көрсетілген.

  • -кесте. Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10 сынып ҚГБ

2

1

1

1

11 сынып ҚГБ

1

1

2

1

10 сынып ЖМБ

2

1

1

1

11 сынып ЖМБ

1

2

2

1

ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:


14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.

5-сынып Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Бөлімдер

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

мерзімі

Үй
тапсырмасы

Ескерту

І тоқсан. 8 сағат







І бөлім Ақпаратты ұсыну

Біздің айналамыздағы ақпарат

5.2.1.1 әртүрлі ақпараттың мысалдарын келтіру және ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну

1











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет