I тоқсан
Сабақтың нөмірі: №5
Сабақтың тақырыбы: Бензолдың химиялық қасиеттері.
Мақсаты (оқушыға бағытталған):
Оқу мақсаттары: 11.4.2.15 бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:
Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады;.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.
1. Бензолдың химиялық қасиеттері туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender
Бензол косылу реакцияларына қиын түседі. Тек қатты қыздырғанда немесе ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және катализатордың қатысында ғана бензол қанықпаған қасиет көрсетіп, сутекті және галогендерді қосып алады.
Гидрленуі. Никель, платина, палладий сияқты катализаторлар қатысында қыздырғанда және жоғары қысымның әсерінен бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:
Бензолдан циклогексан алу
Галогенді қосып алуы. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алып, нәтижесінде, гексахлорциклогексан (гексахлоран) түзіледі:
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender
Достарыңызбен бөлісу: |