Оқушыға мінездеме



Дата18.12.2022
өлшемі14,89 Kb.
#163210
Байланысты:
Оқушыға мінездеме
цветы, сынып жетекші толтыратын тізім, ЖОСПАР САБАҚҚА, жедел жардем, 5 б открытый урок

Оқушыға мінездеме

5-«Ә» сынып оқушысы Алтай Әлібек Нұрболатұлы 10.06.2012 жылы дүниеге келді. Әлібек осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Әлібек толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Әлібек өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады.


Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай өте белсенді.
Әлібек болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.
Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет