Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысын басқару
Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы ырың-жырың, отбасылық тәрбие деңгейінің жеткіліксіздігі және қоғамдағы тұтас салауатты өмір салтын ұсынбау бүгінде көп отбасыларының кедейленуіне, үлкендер мен балалардың бейәлеуметтік мінез-құлықтарына, жұмыссыздыққа, этиканың, эстетиканың және рухани тәрбиенің төмен деңгейде болуына алып келіп отыр.
Өкінішке орай, бізге қалыптан ауытқып кеткен мінез-құлық дағдылы, үйреншікті жағдайға айналды.
Бұл жағдайды екі категорияға бөлеміз:
-
психологиялық денсаулық қалпына сәйкес келмейтін мінез-құлық;
-
бейәлеуметтік мінез-құлық.
Белгілі бір жағдайларда бейәлеуметтік мінез-құлыққа бейім оқушыларды «тәуекел тобына» жатқызуға болады. Зерттеулер мен бақылауларға бағыттала отырып «тәуекел тобының»мынандай түрлерін бөліп айтуға болады:
-
әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларында тұратын балалар;
-
педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар;
-
мінез-құлқында ауытқуы бар балалар;
-
қиын жағдайларға түсіп қалған балалар;
-
қарым-қатынас тапшылығын сезініп жүрген балалар.
Сондықтан проблеманы шешу үшін жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелей білу қажет және баланы талаптар үлгісіне тықыртуға жол бермейтін, керісінше оның мінез-құлқына өзгерістер енгізіп тұратын, оқушының жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын оңтайлы технологияны әзірлеу қажет.
Психологиялық-педагогикалық тәжірибені нақты сараптау негізінде құрылған іс-әрекеттің мазмұны балаларға төмендегідей қауіп-қатер дереккөздерін бөлуге мүмкіндік берді.
Қауіп-қатер дереккөздері.
Отбасы:
-
балаға отбасында асыра қамқорлық жасау;
-
бала қабылдай алмайтын ата-аналарының өмір сүру салты мен мінез-құлқы;
-
отбасындағы зорлық пен агрессия.
Қоғам:
-
ақпараттың көп болуы: БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары), Интернет, теледидар, видео.
Мен өзім:
-
өмірлік бағыттарды, құндылықтарды құрудағы қиыншылықтар;
-
ішкі жалғыздық, адамдардың оны түсініспеушілігі;
-
өзінің жолы болмайтындығына уайымдау;
-
өзін-өзі төмен бағалау,өзін-өзі түсіну қиыншылығы;
-
дұрыс өмірлік мақсатының болмауы;
-
айналасындағылармен өзара әрекет жасай алмауы;
-
эмоционалдық ортаның тұрақсыздығы;
-
денсаулық жағдайы.
Құрбы-құрдастары:
-
өзін-өзі нығайтудың тең құқықтық түрлері;
-
бағыну немесе тәуелсіздік, қорғану принциптеріне негізделген қарым-қатынас және криминалды адамдармен қарым-қатынас.
Бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысында неге назар аудару керек?
-
оқу орны мен ата-ана қиын балаға тәрбисін беріп қана қоймай, олармен бірге бақылау органдары қадағалаулары жөн;
-
педагогтың міндеті – бала бойындағы жақсы қасиеттерді көре білу және оны дамыта білу;
-
үлгермейтін балаларға басқаша тапсырма беру;
-
баланың қабілетті екенін өзіне сезіндіру;
-
бала өзін-өзі тәрбиелеу керек, сырттан берілген тәрбие оған қонбайды;
-
тәрбие нәтижелі болу үшін баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсету керек;
-
өзінің өмірде орны бар екендігін сезіндіре білу;
-
қадағалай бермей, ақыл-кеңес беріп отыру;
-
жақсы қасиетін дәріптеу;
-
ешқашан ешкімнің жамандығын бетіне баспау;
-
көшедегі бұзақы топпен қатынасын үзу;
-
балаға қуаныш сыйлай білу.
Бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен әңгімелескенде жетістікке жетудегі 5 негізгі жағдай:
-
Айқын, анық мақсатты алға қою.
-
Әңгімелесудің өткізілу уақыты мен жерін дұрыс таңдау. Оқушы бір нәрсені бүлдіріп қойғаннан кеінгі жағдайда, біреулердің көзінше немесе жол жөнекей әңгімелесу дұрыс нәтиже бермейді.
-
Оқушыға деген шынайы сыйластық және мейірбанды қарым-қатынас, педагогикалық оптимизм.
Ешқандай оқыту-үйретуді, жастың үлкендігін, білімнің, тәжірибенің жоғарылығын көрсетуге болмайды.
-
Тек қана сөйлей білу икемділігі ғана емес, тыңдай білу икемділігі.
-
Оқушының жеке ерекшеліктерін білу.
Қорыта келгенде, бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізі – түсіну, оны қабылдау, көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |