Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемелері



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі279,68 Kb.
#154431
1   2
Байланысты:
5-Бөж Берікбай Меруерт

Ұжымды басқару мүшелері. Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшн староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады. Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет. Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек
Ұжым дамуын басқару. Оқу орнында педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек. Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі. Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін қиындықты төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Оқушылардың өзін - өзі басқару – қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында шешім қабылдау ғана бастау болады.
А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі; Тоқтау- оның жойылу түрі; Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері: Бірінші кезең – ұжымда педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады. Екінші кезең - белсенділердің ықпалының арта түсуі, ұжым құрылымының тұрақтауы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, механизмдерінің іске қосылуын көрсетеді. Сондай-ақ ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді. Үшінші кезең – ұжымның кемелденуі Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді. Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің йымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады. А.С. Макаренко қалыптасқан ұжымның ерекше белгілерін көрсетті: - үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; - өзіндік қадірін сөзіну; - ұжым мүшелерінің достық бірлігі; - әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзінуі; - іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі; - дер көзінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпуларымен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
Ұжымның дамуымен бірге ұжымның өзін-өзі басқаруы іске асады. Өзін-өзі басқару – ұжымдық мақсатқа жету жолындағы, балалардың өз бетімен ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару мынадай міндеттерді атқарады: Бейімделушілік (жеке тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді). Біріктірілген (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін есептеуге мүмкіндік береді, педагогтар, ата-аналар, балалардың іс-әрекеттерін біріктіреді). Болжаушылық (диагностика негізінде нақты мақсаттарды анықтауға көмектеседі). Басқару мәдениетін меңгеру (өздері және ұжым үшін өз беттерімен маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді). Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады, ол басқару құрылымын құрып, міндеткерліктер бөлуде ескерілді. Ұжымның жалпы жиналысы өзінөзі басқару орталығын сайлайды (оқушылар комитеті, іс кеңесі, штаб т.б), олардың міндеткерліктерін анықтайды. Әрбір бала тапсырма алғанда, өзінің міндетін жақсы түсініп, оны орындау жолын іздестіруі тиіс. Өзін-өзі басқару балаларды еркіндік, жауапкершілік сезімдеріне үйретеді.
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет