ЖҰБАТҚАНОВ САҒЫНДЫҚ ҚТӘ 212 ТОП
16.02.2021
Қысқамерзімді жоспармен таныстым.Сонымен қатар,сабақтың ұйымдастыру кезеңдерімен,мақсаты мен тиімділігін түсіндім.Жетекшімнің сабақ барысында қолданған әдістері "миға шабуыл","диалог және қолдау көрсету" тәсілдерін байқап,қажетті ақпарттар алдым.
17.02.2021
ҚМЖ жасауда оқытушының факторларды (оқушылардың нені үйрену керектігін,қандай маңызды идеялар мен ақпараттарды түсінуі керектігін,және қандай маңызды мәселелерді зерттеп,талдаулары керек) ескере отырып жасау керектігін үйрендім.Сонымен қатар ҚМЖ туралы (жоспары,міндеттері,т.б.) ақпараттар алдым.Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалармен таныстым.
18.02.2021
Жетекшімнің онлайн сабағыңа (7-сынып) қатыса отырып,"оқушылармен қалай қарым-қатынас жасау керек","оқушылар мен оқытушының арасындағы қарым-қатынас қалай өрбуі керек" деген сұрақтарға жауап алдым.
Оқушылардың айтылым дағдыларын қалыптастыру үшін берілетін,қойылатын сұрақтарға баса назар аудардым.
19.02.2021
Бұл күні бірнеше жаңа ұғымдарды түсіндім (айтылым,жызылым деген не?,еркін микрофон,жапондық бағалау әдісі,мадақтау сөз әдісі деген бірнеше ұғымды жетекшімнің түсіндіруі арқылы игердім).
Жетекшімнің тапсырмасы бойынша,сабақ барысында оқушыларға тапсырма дайындадым.Тапсырманың оқушылардың сол күні игерген тақырыбына және жас ерекшеліктеріне сай болуын ескердім.
Және сабақтың соңында оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы тақырыпты қорытындылау жайында да мағлұматтар алып,практикалық тұрғыдан өзім де орындауға тырыстым.
Достарыңызбен бөлісу: |