1-дәріс. Мектептегі оқыту жүйесінің 21 ғасырда білім беруге бағдарлануы
1-слайд.
Құрметті әріптес, Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған курс
оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамыту
тұрғысынан мұғалім тәжірибесін талдауға және қайта қарастыруға бағытталған.
15 жастағы оқушылардың білімін тексеруге арналған халықаралық тестілеу үш жылда бір
рет өткізіледі және оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалайды. Әрбір кезекті
тестілеу шеңберінде белгілі бір дағдыға баса назар аударылады.
2021 жылғы PISA зерттеуінің жаңа цикліне 88 ел қатысады. Бұл циклдегі
зерттеудің негізгі бағыты математикалық сауаттылық болады. Бұл зерттеу әртүрлі
елдердің білім беру жүйелері оқушыларды математиканы жеке өмірінде, қоғамдық ортада
және кәсіби қызметте қолдануға қаншалықты тиімді даярлайтынын бағалайтын болады.
Математикалық сауаттылықты анықтауда математиканы әртүрлі мәнмәтіндегі