Сапалы білім беруді қамтамасыз ету жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері.
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Ұлттық жоспардың мақсаты -
Ұлттық жоспардың мақсаты -
Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді:
Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған/. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері