Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелер мен иновациялық тәжірибелер



Дата08.09.2017
өлшемі40,13 Kb.
#30259
Коучинг жоспары

Апта

Күні

Коучинг тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - мәселелер мен иновациялық тәжірибелер

Сілтеме:

Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары.

Мақсаты:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал жасау.

Міндеттері:

1.Әріптестерді топқа бөлу.

2.Тапсырмалар бере отыра, мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту.

3. Кері байланыс жасату.


Күтілетін нәтижесі:

1.Топқа бөлу түрлерін үйренеді;

2. Сабақта сергіту сәттерінің тиімді жақтарын біледі;

3.Мұғалімдер берілген тапсырмаларды орындаудың түрлерін дамытады, сыни тұрғысынан ойлап орындайды

4. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының жаңа үлгідегі кезеңдерін түсініп, жасай алады;

4. Кері байланыс жасау жолдарын меңгереді;


Оқыту нәтижесі:

Топта бірлесіп жұмыс атқара отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарының жаңа үлгідегі кезеңдерін түсінеді, сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік қалыптасады, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Әр адам өз бойындағы сыни ойлау қабілетін жетілдіреді.

Кәсіби білім, біліктері өседі.



Тренинг өткізу

Психологиялық ахуал , «Ыстық лебіз»

Ой сергіту «Жады жұмыстарын жаңғырту» Екі қолды жұмысқа жұмылдыру. Нәтижесі: ең бастысы тоқтамай әрекеттену, әдетте оң қолымен жұмыс жасайтындардың миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әр түрлі әрекет жасағанда, мидың екі жағы да іске қосылатындығын дәріптейді.



2 минут

Топқа бөлу

Қалташалардан түрлі геометриялық фигуралар алу арқылы топқа бөлінеді.Тренинг барысындағы түрлі фигуралардың өзіндік ерекшеліктеріне мән береді.

2 минут

Тапсырмалардың түрлері:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының жаңа үлгідегі кезеңдерін түсіндіреді;

Әр кезеңде қойылатын талаптарды меңгерту мақсатында әр топқа қысқа мерзімді сабақ жоспарының жаңа үлгісін беріп топтық жұмыс орындатады;

Кері байланыс: екі жұлдыз, бір тілек арқылы жасалады;

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер /Жаңғырық әдісі, Жигсо стратегиясы т.б/



Уақыт
10 мин

Ой қозғау

1 тапсырма



Мұғалімдер екі қолына да қалам алып, бір мезгілде мынадай әрекеттер орындайды:

  • Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

  • Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

  • Оң қолымен өзінің есімін, сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс.

Мұнда ең бастысы – жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай әрекеттене беру керек. Бұл ой сергітудің мақсаты: әдетте оң қолымен жұмыс жасайтындардың миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әр түрлі әрекет жасағанда, мидың екі жағы да іске қосылады.

Осы суреттерден формаға салуда, топтастыруда сыни ойлауды қалай түсінесіңдер? (Әр топ өз ойын ортаға салады)



5 минут










№ 2 тапсырма

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жасалу үлгісін көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді жолдары көрсетіледі.

10 минут

№ 3 тапсырма

Әр топқа қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жасалу үлгісі беріледі,әр топ ортақ тақырыпта сабақ жоспарларының үлгісін жасап, қорғайды.

Сын тұрғысынан ойлау мен Блум таксономиясының бір-бірімен байланысы. Слайд



(Мұғалімдерді ойланту үшін Блум таксономиясының кезеңдеріне бірнеше мысал беріледі. Ол мысалдарды алты кезеңге бөлу сұралады. Соңынан келесі коучингке жарнама ретінде айтып, шақырамыз.

12 мин










Кері байланыс

«Екі жұлдыз бір тілек»

3 минут


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет