Оқушылардың II қалалық пәнаралық қашықтық «Сәтбаев дарыны» олимпиадасы



Дата11.05.2022
өлшемі183,84 Kb.
#141807
Байланысты:
7 класс КЯ




Оқушылардың II қалалық пәнаралық қашықтық «Сәтбаев дарыны» олимпиадасы






7 сынып
Қаныш Сәтбаевтың ғылыми қызметі геологиямен шектелген жоқ. 1935 жылы жергілікті жерді тексеру кезінде Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқы шоқысының басында жазуы бар амфиболит тасын тапты. Барлық жазудан тек 11 жол анық көрінеді, олардың бір бөлігі араб тілінде, бір бөлігі шағатай тілінде ұйғыр алфавитінің әріптерімен жазылған:
"Қайырымды, рақымды Алла атымен!
Аса зор, кеңшілік Иесі, Шындық иесі, Үстем, Қорғаушы, Аса құдыретті, қуатты, Даналық иесі, Қайтарушы!

793 жылдың жазында, қой жылында,орта көктем айында Тұран сұлтаны – Тимурбек өз атынан Алтын Орда ханы – Тоқтамысқа қарсы екі жүз мың әскермен аттанды.

Осы аймаққа жетіп, ол осы қорғанды ескерткіш белгі ретінде тұрғызды. Жаратушы Иеміз әділеттілік берсін! Халқымызға рақым етсін! Олар бізді дұғамен еске алсын!"

Бұл жазу Шыңғысхан ұрпақтарына қарсы «ислам семсерін» көтергені үшін Жаратушыдан кешірім сұраған орта ғасырдың көрнекті қолбасшысының бұйрығы бойынша жасалған.
Бұл құнды археологиялық олжа қазір Эрмитажда. Ғалымды даладағы тас мүсіндер, сондай-ақ жартастағы суреттер қызықтырды.


Орыс тілі

  1. Что было найдено в 1935 году на вершине сопки Алтыншокы?

  2. На каком языке были выполнены надписи?

  3. Какой археолгический экспонат хранится в Эрмитаже?

  4. Какие памятники великой степи исследовал К.Сатпаев?


Дұрыс_тұжырымды_белгілеңіз'>Қазақстан тарихы пәнінен тапсырмалар

  1. Дұрыс тұжырымды белгілеңіз:




Дұрыс

Дұрыс емес

  1. Тастағы жазу екі тілде болды: араб және ұйғыр







  1. Жазу 11 жолдан тұрды







  1. ұлтанның әскері 200000 жауынгерден тұрды









  1. Алтыншоқы шоқысында жазу қалдырған қай қолбасшы туралы сөз болып отыр?

  2. Ол Чингизидтердің қайсысымен соғысқан?

  3. Әскери жорықты қай мемлекетке қарсы бастады?

  4. Неліктен жазуы бар амфиболит тасы құнды археологиялық олжа болып саналады?

Математика пәнінен тапсырмалар

  1. Карта масштабын пайдалана отырып, Алтыншоқы шоқысы мен Ұлытау тауы арасындағы қашықтықты анықтаңыз.

  2. Шағатай тіліне қарағанда араб тіліндегі жолдар саны артық болса, онда араб және шағатай тілдеріндегі жолдар санын анықтаңыз.

  3. Мәтіндегі деректерді пайдалана отырып, Тимурбек сұлтан Тоқтамыс ханға қарсы шыққан айды анықтаңыз.

  4. Деректерді пайдалана отырып, Тимурбек сұлтан Тоқтамыс ханға қарсы шыққан күнді (күн,жыл) анықтаңыз.

  1. өрнегін ықшамдау арқылы күнін анықтауға болады

  2. Жылды 793 аргументінің мәні бойынша функциясының мәнін есептеу арқылы анықтауға болады.


География пәнінен тапсырмалар

1. Ұлытаудың табиғи ауданын атаңыз.


2. Ұйғыр тілі қай тілдік топқа жатады?
3. Жезқазған-Ұлытау ауданы үшін маңызы бар өзенді анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет