Оқушылардың қызмет нәтижесін бағалау



Дата08.03.2023
өлшемі43,5 Kb.
#171460
Байланысты:
Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау

Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеруте мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беруде.


Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсатына, мүддесіне сай өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар – оқушылардың шығармашылық қабілетін терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша таныту, оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «Жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осыған орай жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көп деп саналады. Мысалы айтар болсақ: В. Занковтың «Дамыта оқыту технологиясы», Ш. Амоношвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» және де «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы», т.б көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдерінде мынадай қағидаларды ұстанады.
- оқуға шығармашылықтың енуі
- мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық
- өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы
- жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы
Яғни жеке тұлғаға бағытталған оқу тұлға дамуының сыртқы әсерімен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен педагогикалық жаңа технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылып нәтиже беретін оқушылардың қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы. Ал бағалау дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.
Осы талаптарды ескеріп, эссені тіл дамыту сабақтарында жаздырып, бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге қысқаша жаза білуді үйрене бастады.Оқушылардың эсселерін бағалау түрімен бағалайтын болсам, алғашқы кездері жазған эссенің қорытындысы бойынша сынып оқушыларының көрсеткіші төмендегідей болды:
23%-ойын толық жеткізді, 47%-ойларын толық жеткізбесе де белгілі бір пікірі бар, 30%-ойын толық жеткізе алмаған.
Портфолио арқылы бағалау
Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру.Мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.
Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы.Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:
- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс
- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс
- Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.
Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды
бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.Портфолионың қызмет ету мақсаттары:
- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі
- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу
- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу
- Баланың жалпы жұмысын жан-жақты бағалауға негіз құру.
Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және оларды нақты бағалау өте маңызды мәселе.Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау процесі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді.Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушының мұғаліммен, ата-анамен, өзімен өзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиянын келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдар іздестірілуде.
Өзін - өзі бағалау
Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да.
Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек.
Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.
Дәстүр бойынша бала үлгерімі әрдайым қолданылып жүрген қағаз және қалам арқылы бағалау жұмыс қағаздары, апталық үлгеру тестілері және қалыпты тест арқылы бағаланып келеді. Мұғалімдер білім алушыға баға бергенде өздеріне олардың ата – аналарына және басшыларға оқушыларға көптеген жетістіктерінің дәлелі ретінде сандық көрсеткіштерді берген. Дегенмен, кейінгі кездегі білім беру бағыты көптеген мұғалімдердің баланы бағалайтын және оның өсіп жетілуіне себін тигізетін жаңа әдістерді ашып, зерттеп жатқандығы белгілі. Бағалау әр түрлі мақсаттарға қызмет ете алады.
- оқушылар өздеріне өздері жауапты болып, білім алу процесін өздері бақылай алатын халге жетеді.
- Мұғалімдер оқу процесін тиімдірек етіп бағыттай алады.
- Мұғалімдер қай оқушыға көмек қажет екендігін анықтай алады.
- Білім берушілер білім алушылардың өсіп жетілу жетістіктерін анықтай алатын болады.
Бүгінгі таңда ынталықпен белсенділікті арттыруда осындай қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Бағалау процесіне мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік береді.
Бағалау ісіне ата – ананың қатысы тек табельді қабылдап, баланың жазған жұмыстарын анда-санда қарап шығу міндеттерінен әлде-қайда кеңірек болуы тиіс. Баланың жасаған жұмыстарынан деректі дәлелдер көрсе, ата-аналар баланың қаншалықты ілгерілегендігі жөнінде анық мағлұмат алады. Баланың жасаған жұмыстарының жинағы, оның уақыт аралығындағы ойлау мен даму сапасын анық көрсетеді. Мәліметтерді қорытындылап отыру, ата – аналарға есеп беру процесін түсінікті де тиімді етпек. Бастауыш мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану қажет. Сонда біз оқыту және бағалау бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет