Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Ұқсастық бойынша пайымдау



бет7/13
Дата11.05.2022
өлшемі121,13 Kb.
#142026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
9 лек

Ұқсастық бойынша пайымдау


Ұқсастық бойынша ойлау қабілеті – адамның санасы және білім алуы үшін аса маңызды. Ұқсастық бойынша пайымдау – проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі дағды, білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті (Chen et al., 1997; Gentner & Holyoak, 1997; Goswami & Brown, 1990; Richland et al., 2006).
Мұның алдында қарастырылған зерттеушілер балалар ұқсастық бойынша пайым жасай алмайды деп есептеген. Мысалы, Пиаже формалды оперативтік кезеңіне дейін ұқсастықтың классикалық проблемасын шешуге қажетті байланысты орнату үшін балалардың танымдық қабілеттері жоқ деп есептеген (Inhelder & Piaget, 1958). Пиаже балаларға A:B::C:? суретті тап- сырма ұсынып, суретті жиынтықтан D-ны табуды сұрады. Ол балалардың проблеманы шешу үшін негізінен, төмен деңгейдегі өзара байланысқа сүйенгенін, мәселен, С-мен байланысты не- месе С-ға ұқсас суреттерді таңдағанын анықтады (Piaget et al., 1977). Пиаже А – В және C – D арасындағы деңгейі жоғары өзара байланысты анықтауға қабілеттердің болмауының негізінде балалардыңформалдыоперативтіксатысына (шамамен 11 жас) жеткенгедейінұқсастықбойынша пайымдауға қабілетті болмайды деген тұжырым жасады. Бірақ, алдыңғы зерттеулер балалардың ұқсастық бойынша пайымдау қабілетіне күмән туғызса да, соңғы зерттеулер бұл пікірді теріске шығарды (бастауыш мектеп жасындағы балалар ұқсастық бойынша тиімді пайым жасай алаты- нын көрсетті). Егер үш жастағы балаларға проблеманы шешуге қажетті байланыс таныс бол- са, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс орналастыра алады (Goswami & Brown, 1989). Чен және оның әріптестері (1977) 13 айлық нәресте қолы жете қоймайтын ойыншықты алу үшін оған бұның модельденген стратегиясы көрсетілген жағдайда, ол бұл білімін қолдана алатынын көрсетіп берді. Бұл ретте аталған стратегия ұқсастық бойынша пайымдау өмірдің бірінші жылында қол жеткізілетін маңызды жетістіктердің бірі бола алатынын меңзейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет