Элементтер
|
Түйінді идеялар
|
Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
|
Оқу бағдарламасын меңгеру, бағалау критерийлерін бақылау, өлшеуге қатысты берілген оқу мақсаттарына жеткенін айғақтайтын нақты нәтижелер арқылы бағаланады.
|
Кері дизайн
|
Кері дизайн технологиясында оқу үдерісінің жобалануы: Оқу бағдарламасы – Бағлау жүйесі – Оқу және оқыту үдерісі
|
Әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы
|
Оқушы пассивті бағаланушыдан бағалау үдерісінің белсенді «жасаушысына/құрылысшысына» айналады; «нені», «қалай» және «неліктен» бағаланатынын түсінеді. Бұл оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстың сапасының, оқушының өзін-өзі реттеуі мен өзіндік жауапкершілігінің артуына ықпал етеді.
|
Оқу мақсаттарының таксономиясы
|
Оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейімен сипатталады: білу және түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау
|
Сөйлеу әрекетінің теориясы
|
Тілдік пәндер бойынша бағалау критерийлері 4 тілдік дағдыларды сипаттайды: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
|
Жақын арадағы даму аймағы
|
Мұғалім мен құрдастарының қолдау көрсетуі арқылы оқушының дамуына қолайлы орта орнатылады
|
Скаффолдинг теориясы
|
Оқушыларды қадамдық қолдау және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану
|
Қалыптастырушы бағалаудың теориясы
|
Бағалаудың негізін үш сұрақ құрайды: « білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?»
|
Білімді толық меңгеру теориясы
|
Оқушының оқу жетістігі деңгейіндегі айырмашылықты үш фактор арқылы түсіндіреді: Білім алушылардың бастапқы білімін бақылау және оқу үдерісін олардың қажеттілігіне сай бейімдеу; мүмкін болатын сәтсіздіктерге берілмеу үшін алдын-ала қолдау көрсету арқылы оқушыны ынталандыру; жеке қолдау көрсету және марапаттау
|