Практикалық маңыздылығы. Зерттеу объектісі болып табылған алгебралық есептерді шешудің геометриялық тәсілі:
Циркул және сызғыштың көмегімен жүргізілетін салу есептерін ұқыпты орындап, оның шешімдерінің бар болу жағдайларын зерттеп, талдау арқылы алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан қатаң түрде баяндай білу .
Геометриялық тәсілді алгебралық тәсілмен салыстыра отырып оның ұтымды тұстарын анықтап көрсете білу.
Математика курсының біртұтастығына көз жеткізу.
Алгебралық есептерден геометриялық мазмұнды байқап, оған геометриялық балама есеп құрастыру.