Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра білу және жаңартылған білім мазмұнына сай айтылым, оқылым, жазылым сынды оқу сауаттылығын қалыптастыру



Дата08.07.2018
өлшемі19,65 Kb.
#48472
2-ҚОСЫМША

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ







Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті


Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В011700Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының өткізілетін олимпиада жұмыстарының

ЕРЕЖЕСІ

ТАРАЗ 2018


Жалпы ереже
Жамбыл облысына қарасты орта мектеп оқушыларының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадасы
Жамбыл облысына қарасты орта мектеп оқушыларының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадасы келешектегі қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қажетті білім деңгейін (логикалық ойлау қабілеті, ауызша, жазбаша оқу сауаттылығы) анықтауға бағытталған.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректораты Облыстық пәндік олимпиада жеңімпазына аталмыш университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына бір грант жеңіп алуға мүмкіндік жасайды.


Облыстық олимпиаданың мақсаты мен міндеті
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейін, қалыптасқан таным түсінік, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік, алғырлық, тапқырлық, т.б. тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау.

Міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра білу және жаңартылған білім мазмұнына сай айтылым, оқылым, жазылым сынды оқу сауаттылығын қалыптастыру;

- оқушылардың толыққанды жеке тұлға ретіндегі азаматтық ұстанымын орнықтыру;

- білімді де білікті, жаңашыл таным көзқарасты, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау;

- Елбасының жолдауында көрсетілгендей білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Олимпиаданың бағдарламасы

2018 жылғы 6 сәуір 9-00- 9-30 Оқушыларды тіркеу.

2018 жылғы 6 сәуір 10-00-10-30 Облыстық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты

2018 жылғы 6 сәуір 10-30-12-30 олимпиаданың І туры

2018 жылғы 6 сәуір 13-15-00 олимпиаданың ІІ туры

2018 жылғы 6 сәуір 17-00 Облыстық пәндік олимпиадасының қорытындысын шығару және Облыстық пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы.


Жеңімпаздарды марапаттау

ТарМПУ ректоры, т.ғ.д., профессор Д.П.Қожамжарованың олимпиада жеңімпазына ректор грантын тағайындауы.



І орын – ТарМПУ гранты туралы сертификат

ІІ орын – 1 дәрежелі диплом

ІІІ орын – 2 дәрежелі диплом
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 68-үй, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Филология факультеті, 2 оқу ғимараты.

Олимпиаданы өткізу сұрақтары бойынша кординаторлар:

телефон: 8-(7262)34-04-72

Баймұратқызы Ақнұр 87072988343

Мамандық бойынша облыстық олимпиадаға қатысушылар 2018 жылдың 2 сәуіріне дейін өтініш білдіре алады ( 2- қосымша). Өтінішті мына электрондық поштаға жібере аласыздар: kaz.fil.fak@mail.ru

Облыстық пәндік олимпиадасының бағдарламасымен www.tarmpi.kz сайтынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Жамбыл облысына қарасты орта мектеп оқушыларының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадасы
2018 жылдың 6 сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің базасында Жамбыл облысына қарасты орта мектептің 11(12) сынып оқушыларының арасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада өткізіледі.

Облыстық олимпиаданы өткізу тәртібі
Олимпиадаға әдебиет пәнін таңдаған 11(12) сыныптың оқушысы қатыса алады. 1.Олимпиадаға қалалық, аудандық, мектепішілік олимпиада турларынан 1,2,3 орын алған үміткерлер қатысады.

2.Олимпиада немесе байқауға қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.

3. Олимпиада мен байқауға қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.

4.Әр мамандық бойынша олимпиада және байқау жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.

Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақша

Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 2 турда жоспарланды.

1-тур. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында арнайы даярланған тақырыптар топтамасының ішінен таңдалған тақырып бойынша эссе жазылады және арнайы берілетін бір сөйлемге тілдік талдау жүргізіледі.

Эссені бағалауда оқушының берілген тақырыпты аша алуы, теориялық білімі, өзіндік ой пікірі, көзқарасының айқын болуы, ойын жеткізе алуы, ғылыми негізделген цитаталарды пайдалануы, жүйеліліктің, стильдің сақталу мәдениеті, сауаттылығы т.б.мәселелер назарға алынады. Сөйлемдерге кешенді талдау жасалынады және онда қазіргі қазақ тілі салалары бойынша талдау түрлерінің толық қамтылуы, анықталған проблеманың талдаудың шартына сәйкестігі, талдау кезіндегі мәліметтердің жеткіліктілігі мен толықтығы, талдау тәсілінің жан-жақты түсіндірілуі, талдау кезеңдері мен мәліметтердің дұрыс жазылып толтырылуы ескеріліп бағаланады.

2-тур. Тест тапсырмаларына жауап беру.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қатысушының теориялық білімі тест арқылы тексеріледі. Тест жаңартылған білім мазмұнына сай оқушының оқу сауаттылығы берілген мәтін бойынша анықталады. Тест тапсырмаларына жауап беру жұмысы компьютерде орындалады.



Олимпиада сынақ түрінде өтеді, сондай-ақ оқушының жеке белсенділік көрсеткені ескеріледі.

Қорытынды олимпиаданың екі туры өткеннен кейін жасалады.
2-қосымша



Тіркеу парағы

1

Қатысушының аты-жөні (толық)




2

Жетекшісінің аты-жөні (толық)




3

Облысы:




4

Ауданы:




5

Мектептің аталуы:




6

Мекен-жайы:




7

Қатысушының байланыс телефоны, электрондық почтасы:




8

Жетекшісінің байланыс телефоны, электрондық почтасы:




9

Таңдаған мамандығы (бейіндік пәні)




10

Қосымша мәлімет





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет