Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр екені бәрімізге мәлім. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту қажет. Сол әрекеті білік, білім дағдыларын қалыптастырады. Кез келген тапсырманы оқушы орындау жағдайында іздене бастайды. Өз бетімен әрекет жасап, шешімін қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.
Қазақ тілі сабағында «Зат есім» бөліміндегі жалпы және жалқы есім туралы өткенде төмендегідей тпасырма орындатуға болады. Оқушыларды топқа бөліп, үш бағандағы сөздерді таңбалар мен белгілеуді ұсыну.
Туыстықты білдіретін сөздерді тап.
Мамандықты білдіретін сөздерді белгіле.
Өсімдік, құс және төлдің атын білдіретін сөздерді белгіле.
Жазушы жиен егінші
Алма ақын сұлы
Лашын лақ іні
Қарындас пияз мұғалім
Ырысты ыдыс
Әр қатардағы бірінші әріптерден сабақтың тақырыбы ашылады.
Келесі тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.Мақал – мәтелдердің басы жазылады, ал оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, аяқтайды.
Әке – асқар ......... шешен (Әйтеке)
Кім сөз бастайды? Тау (Алатау)
Кім қол бастайды? Көл (Сабындыкөл)
Көп түкірсе...... батыр (Жасыбай)
Ер қанаты ....... ат (Тайбурыл)
Қойған сөздерді қайсысы жалқы, жалпы екенін дәлелдейді.
Ана тілін дамыту бағытында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруына көңіл бөлемін. Бұл мақсатты жүзеге асыруда көптеген сабақ түрлерін өткіздім. Атап айтсақ аралас сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабақ, аукцион сабақ, КТК (КВН) т.б. Оқушылардың білімін тексеріп, бағалау мақсатында бөлім соңында, тоқсан аяғында үнемі тест жүйесіменжұмыс жүргізу тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға көңіл бөлемін. Әдебиеттік оқу пәні сабағында оқушының шығармашылығын дамытуда ең басты көңіл бөлетінім :
А) өлең шығаруға үйрету;
Ә) ұйқасын тапқызу, сөзбен сөзді байланыстыру;
Б) алдарына ой тастау;
В) бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру. Қай пәнді юолса да оқушыларға түсінікті, қызықты әрі тартымды өткізу үшін сабақтарда ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын оқушылардың зор ілтипатпен тыңдап, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алатынын өз тәжірибемде әркез көз жеткізіп келемін. Ойын арқылы оқушылар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады. Әдебиеттік оқу пәнінде поэзияны шығармашылықпен оқытудың бірнеше тәсілдерін қолдануға болады. Бұл тәсілдер әр оқушының поэзияға деген қызығушылығын арттырады және өлеңді жаттаған кезде жалықтырмайды.
1 сыныпта өлеңді жаттауды сурет арқылы, ал 2 – сыныпта оқушылардың өздеріне салғызып, үйретуге болады. 3- 4 сыныптарда поэзиялық шығармаларды салыстыра отырып, модуль жасауды үйретуге болады.Модулді жасату барысында қарапайым әдебиет теорясымен таныстыруға болады (өлең құрылысы, ырғақ, тармақ, бунақ, шумақ, ұйқас,теңеу т.б.) Бұл тәсілдер арқылы оқушының қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық мәдениетін байытып, көркем әсемдік сезімдерін қалыптастырады. Оқырмандық мәдениетке баулиды, көркемдік эстетикалық талғамын оятып, рухани дүниесін кеңейтеді. Өз ойын, пікірін еркін жеткізуге үйретеді.
«Күлімде, күн, күлімде!»
Күлімде, күн, күлімде!
Жер жасарып көгерсін.
Күлсін барлық бала шат.
Қанат қақсын көгершін.
Осыған орай оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттыруда математика пәнінде «Бәйге» көбейту кестесін еске түсіру. Топтық жұмыс: «Кім тапқыр?» логикалық есептер) « Ойлан, тап» , «Қызықты шаршы» ойыны арқылы үлкен нәтижеге жетіп келемін. Сыныбымда математика пәніне қабілетті оқушыларға арналған жоспар бойынша жұмыс атқарып келемін. Қазақ халқының есептері-қалжың есептер, ертегі есептер, викториналар, доминолық ойындармен берілген есептерді оқушылар қызыға орындайды. «Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру ұстанымдары" тақырыбындағы баяндамама сәйкес әр сабақта осы мақсатты негізге алып отырдым, яғни оқушыларымды ойлай білуге, өзінше ізденіп, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыруды көздедім .
Жаңа технология элементтерін қазақ тілі, дүниетану пәндерінде қолданып отырдым. Олар: кубизм стратегиясы, тірек сызба, эссе жазу т.б.
Тірек сызбалардың тиімділігі:
Сабақ сайын оқушылардан сұрауға, өзара тексеру жүргізуге болады
Жаңа тақырыпты түсіндіргенде екі рет қайталау арқылы білімді меңгерту:
-дәстүрлі әңгімелесу түрінде:
-тақтаға сызылған тірек сызба арқылы түсіндіру.
3)Әр оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
4)Оқушыға «2» деген бағаны қоймау, оларға қайта тапсыруға жағдай туғызу;
5)оқушының сөз байлығы жоғарылайды. Мысалы: «сөйлем» тақырыбына арналган сызбаны сөйлету. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлану мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіре қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес,танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқытудың арқасында ғана оқушының шығармашылығын дамыта аламыз.
Оқулықтағы жеңіл – желпі тпасырмалар орнына оқушының тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырамлырды орындау үлкен нәиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзім жетті.
Сабақта барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат етемін. Оқушыларды «жақсы», «жаман» деп бөлмей, үлгерімі төмен оқушылардың өзі шамасы келгенше, қабілеті жеткенге дейін еңбек етуі ойластырылуы тиіс.
Сонымен қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы мақсат – білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау, өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру деп есептеймін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Бастауыш сынып журналы №3 2012 ж, №6 2012ж
Әдебиет теориясын оқыту Алматы 1988 ж
Әдебиеттік оқу оқулықтары 3-4 сынып «Алматыкітап» 2010 баспасы
Көркем әдебиет «Алматыкітап», 2003 ж
Достарыңызбен бөлісу: |