Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа технологияның маңызы зор



Дата13.11.2019
өлшемі13,79 Kb.
#51692
Байланысты:
тарих пәні баянд
Есім хан. Шуленова Г
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру

үшін жаңа технологияның маңызы зор.

Білім беру жүйесі — қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу — әрбір ұстаздың оқу - тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Осы міндетті орындауда әрбір мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып жатады.


Қандай әдісті пайдаланса да мақсатымыз айқын, ортақ. Ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің сөзінде « Бізге интеллектуалды ұлт қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын.
Жастар білімді, ақылды, жан - жақты жетілген, ұлттық рухы бар, ұлт мүддесі үшін қызмет ететіндей болуы үшін біз ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек сияқты.
Оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, жұмыс істеуге мен де тырысудамын.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі мектептерде жүргізіліп келген Қазақстан тарихы пәніне тиянақты өзгерістер енгізу проблемасы соңғы жылдарда болған түрлі саяси, тарихи және әлеуметтік – эканомикалық өзгерістерге тікелей байланысты туындаған болатын. Бұл жағдай бойынша 1990 жылдан Қазақстан тарихы Республика мектептерінде дербес пән ретінде енгізілді.
Қазіргі таңда мектептің материалдық – техникалық базасы бай, мүмкіншілік көп, тек көзін таба білу керек. Тарих сабағында оқушы бойында «Менің Отаным қандай болған, қазір қандай, болашақта қандай болуы керек» деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап беріп, мақсатқа жету үшін тарих пәнінің орны ерекше.
Тарих сабақтарында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық өсе түседі. Бұл жағдай тарих ғылымының жаңа дидактикалық жүйені іздестіру, салалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілікке арналған әдебиеттерде бұрын белгісіз болған, құпия құжаттар, жеке хаттар мен күнделік жазбаларды іріктеу арқылы сабаққа пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, өткенді ғылыми танып білуде осындай тың деректерді, мұрағат материалдарын жас ұрпақтың таным - түсінігіне сәйкестендіре отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.
Пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асыруға болады. Мысалы: үй тапсырмасын сұрау кезінде «Тарихи бағдаршам», «Жылдар нені білдіреді», «Орнын тап», « Тарихи викторина», « Сен - маған, мен - саған» деген сияқты ойындар ойнаймыз. Тарихи бағдаршам тест сұрақтарына жауап беру болса, жылдарды кестеде немесе сызбада орындаймыз. Ал орнын тап ойыны үлестірмелі материал түрінде беріледі. Кейде үйден дайындап келген сөзжұмбақ, ребустар, кластер, шығармашылық тапсырмалар орындалады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет