Оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарында шыдамдылықты үйрету Райыс Айжан Амалбекқызы


Жеңіл атлетиканың дамуы және оның денсаулыққа пайдасы



бет26/29
Дата07.02.2022
өлшемі395,5 Kb.
#87394
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
7 Райыс Айжан Амалбекқызы Жеңіл атлетика

2.3 Жеңіл атлетиканың дамуы және оның денсаулыққа пайдасы

Дана халқымыз "басты байлық-денсаулық, тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі" деп тегін айтпаса керек.


Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір сүру салты болып табылады , ал жастардың дене бітімінің келбетті болуына жастайынан шынығу себеп болды, ол үшін жастайынан , сәби кезінен бастап денсаулығына көңіл бөлу керек, мектеп жасындағы балалардың деннің саулығына , сергектігіне , ширақтыққа , шапшаңдыққа , және дене бітімінің қалыпты өсіуіне жеткілкті көңіл бөлінуі тиіс, басқада жат қылықтардан арылуға көмектесетін орасан зор жұмыстар атқару біздің міндетіміз, ол жұмыстардың басында спортпен шұғылдануды насихаттау айтылып тұр. Біздің қоғамыздың жас ұрпаққа тәрбие беруді алдына басты мақсат етіп қойып отыр, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жеңіл атлетикадағы жүгіру , жүру, секіру, лақтыру. Міне бұл адамның дамып жетілуіне салауатты өмір сүруіне нағыз керекті спорттың бірі. ол ерте заманнан келе жатқан спорт болып күнделікті ойындарда аңға шыққан кездерде соғыс уақыттарындағы қозғалыстарда қолданыс тапқан .
Жеңіл атлетиканың өзіндік бастамасы б. э. дейінгі 776-ж көне грек елінде өткен ойындарынан басталады, 1832-ж Ұлыбританияның Регби қаласында біздің заманымызда қолданып жүрген жарыс түрлері ; -қысқа қашықтыққа жүгіру , кедергі арқылы жүгіру, ауыр затты лақтыру, ұзындыққа биіктікке секіру болды. 1912 жылы халыққаралық әуесқойлық федерациясы құрылды. Қазан төңкерісіне дейін қазақстанда жеңіл атлетика спорты болмаған, XIX ғасырдағы Батыс елдерінің саяхатшыларының жазба жұмыстарында орта Азия халықтарының өмірінде, оның ішінде қазақ халқы туралы «олар топ болып жиналып күресетін, қуаласпақ ойнағаннан кейін арақашықтыққа жүгіріп жарысқанын » жазған. Мысалға 1000-5000 м аралықтағы жаяу жарыс кең жазықта мереке кезінде өткізілген екен. Қазақстандағы жеңіл атлетика спортының жетілуіне мүмкіндік туған уақыт еліміздің Ресей елімен біріккен кезінен басталады.
Еліміз де спорт ойындарын өткізетін орталық қалалардың бірі- Семей қаласында болған. 1912 жылы Нептун спорт клубы құрылып басқада спорт түрлерімен бірге жеңіл атлетика спорты да дами бастады. Осы «Нептун» спорт клубы жеңіл атлетика бағдарламысының 100-1000 м қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, лақтыру, эстафеталарды жыл сайын өткізіп отырған.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды орын алады. Гигиена- денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған булдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетілуі балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т.б спорт түрлері және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің ұлттық ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын балалар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерінің құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні, ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні, белсенді өмірлік көзқарасты билейтіні, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны - өмірде белгілі қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентінің халыққа жолдауы (Қазақстан - 2030) осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Онда "...бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны" сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілік туралы да айтылған.
Қазақстанның болашағы - қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту ісіне айрықша назар аударылып, салауатты өмір салтын тұрмысқа толық енгізу көзделген. Салауатты өмір салтының бір белгісі әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады
Әрбір оқушы бұл сұраққа жауап беру үшін, бәрінен бұрын өзіне қайсысы қызықты және маңызды екенін нақты түсініп, неғұрлым ақырын, бірақ ұзақ жүгіруге немесе қысқа уақытқа жылдам жүгіруге өзін машықтандыруы тиіс. Бағдарлама талаптарына сәйкес, жеңіл атлетика сабақтарында мұның екеуіне де жаттықтырылады: алыс және қысқа қашықтыққа жүгіруді жеңіл игеру мүмкіндігі дамытылуы қажет. Мұнда жеңіл атлетика сабақтары нені үйретті, өткен тоғыз-он жылда бұл сабақтардан қандай пайда келтірілді деген сауал төңірегінде өзіндік әділ есеп, түйін болғаны жөн.
Шынында да, жеңіл атлетиканың әрбір сабағы оқушылардың түрлі дене жаттығуларымен шұғылдануға, бұл жаттығуларды қатесіз, мүдірмей орындай білу құштарлығына баулиды. Егер осындай жете түсіну талпынысына қол жетсе не жалпы дамыту және арнаулы дамыту жаттығуларын қолдану жөнінде іске пайдалы өз тәжірибесі болса, онда төзімділікті де, шапшаңдықты да дамытуға бағытталған қадамдар жасауға болады. Демек, «Өзіңді өзің тани біл» деген философиялық нақыл осы оқиғаға арнап айтылғандай.
Жүгіру әзірлігінен өтіп, жүгіру мәнін жете игерген оқушы мұндай дайындық өзіне деген сенімділікті шыңдап, моральдық жағынан қанағаттандыра ма, болашақта қажет бола қоя ма деп те ойлануы мүмкін. Айталық, ол есейіп, өмірге араласқанда тұрақты әскери адам, геолог, кәсіпшілік немесе ауыл шаруашылығы қызметкері, мұнай өндіруші мамандығын қиналмай атқара алады. Мұндайда ойланып-толғану оқушының ынта-ықыласына, тәртібіне ықпал етіп, үйреншікті «дене тәрбиесі» сабақтарына және жалпы алғанда, ішінара жеңіл атлетикаға деген көзқарасын өзгертуіне мүмкіндік жасайды. Демек, «қалған бір-екі жылда сабақ кезінде және өз бетінше жүгірумен айналысып, олқылықтың орнын толтырамын» деген нақты шешімге келуіне түрткі болады.
Шыдамдылық - жүгіру дайындығының негізі. Жүгірудің тұрақты дағдысын қалыптастырамын деген кез келген адам ең алдымен төзімділік сияқты қасиетке жетуге ұмтылуы тиіс.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінде шыдамдылық мықты денсаулықтың негізі екені ерекше атап көрсетілген. Өйткені ол жүректі нығайтуға, дем алу қызметін, қан айналысын жақсартуға, тез шаршамауға, мінездегі қажырлылық пен табандылықты арттыруға көмектеседі. Мұның бәрі ең алдымен шыдамдылықтың шымырлықты арттыруымен байланысты. Мыңжылдықтар барысында адамдардың тірі қалуы үзіліссіз, ұзақ мерзімді бұлшық ет жұмысын атқаруға лайықталған дене тәрбиесінің өсері болып табылады.
Адамның бірте-бірте дамуында оның жүйке жөне гормондық жүйелері, зат алмасу мен оттек алмасуы төзімділіктің туындауына бейімделген. Сондықтан ағзаның осы бір ежелден келе жатқан «әдетін» барынша қолдау, шыдамдылықты дамыту жөніндегі оның талабын қанағаттандыру қажет. Оқушы ағзасында төзімділіктің аз болуы жарамсыз жағдай, ертеңгі күні 20-25 жасқа келгенде оның орнын толтырамын деу ағаттық, ал одан әрі жасы ұлғайған шағында тіпті мүмкін емес. Жекелеген жасөспірімдер немесе жастар бойындағы мұндай олқылықтар оларды «әлжуаз адамдар» қатарына қосады.
Сайып келгенде, шыдамдылықты ширату үшін жақсы дене тәрбиесі дайындығы қажет. Ал мұндай даярлық нәтижесі көптеген себептерге: оқушының сабақтарда қаншалықты шын ниетімен «жұмыс істеуіне»; егер жаман атқарса, неліктен олай болғанына; мүмкін, дене тәрбиесі жағдайы нашарлығына, туғаннан әлжуаздығына немесе еріншектігіне, мүмкін, өткен жылдардың бәрінде сабаққа немқұрайлы қарағанына байланысты.
Жас адамға жақсы ақылшы — оның ішкі үні. Ол: «сабақтарға ынтамен кіріс, олқылықтардың орнын толтыруға ұмтыл, жүгіруде шыдамдылыққа дағдылану үшін өз бетінше жаттығу жасауға төсел» дейді. Осы үнге құлақ аса отырып, мұғаліммен ақылдасып, дене тәрбиесі даярлығын жаксартуға дайын екеніңді түсінуін қажет.
Дене дайындығы. Мұның өзі төзімділік, күш, шапшаңдық, ептілік, икемділік және қозғалысты үйлестірушілік сияқты қасиеттерінің қаншалықты жақсы дамығанына байланысты. Алайда аталған дене қабілеті түрлерінің әрқайсысының оңтайлы көрініс табуы үшін белгілі «өзіндік» дене дайындығы қажет болады. Әңгіме жалпы төзімділік және жүгірудегі ішінара шыдамдылық туралы болып жатқанда дене дайындығының сапасы қандай жағдайға байланысты?
Біріншіден, түрлі дене жаттығуларын дұрыс таңдай және орындай білу, мысалы, жүрек, дем алу жаттығулары және ағзаның арнаулы жүгіру жүктемесін орындауға дайындығын күшейту мәселелері маңызды. Дұрысын айтқанда, дене тәрбиесі сабақтарының ықпалы қозғалу тапсырмаларының қаншалықты сәтті таңдап алынуына және дене тәрбиесіне дайын болу деңгейін дамыту үшін тиімді игерілуіне тікелей байланысты.
Жоғары сынып оқушысы өткен жылдардағы оқу барысында қажетті жаттығуларды таңдау жөнінен біршама тәжірибе түйеді. Ол шын мәнінде қандай дене дайындығында болу керектігін және шыдамдылықты, күшті, жылдамдықты, икемділікті дамыту үшін қай жаттығу маңызды екенін жақсы айыра білуі қажет.
Жүгірудегі шыдамдылық нағыз әділ тәсіл — физиолог ғалымдар ұсынған арнаулы нормативтер бойынша бағаланады. Осындай тәсілдің арқасында өзін алысқа жүгіру төзімділігіне үйреткісі немесе өз жетістігін тұрақтандырғысы келген әрбір оқушы дене дайындығын, яғни жүгірудегі жалпы төзімділік өлшемі бойынша даярлығын өзі бағалай алады.
Мектеп қабырғасында алыс қашықтыққа жүгіруден табысы болса, және ол өз жетістігін одан әрі жетілдіремін десе, мұғалім оның жүгірумен өз бетінше айналысуына немесе жеңіл атлетика секциясына баруына ақыл-кеңес береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет