Оқушының аты-жөні –––––––––––Уразалиев Уласхан–––––––––––––––––––––––––––––––– Сыныбы–––––––
10 сынып. Қазақ əдебиеті. ІІ тоқсан
«Қазақтың Қанышы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
10.3.1.1 шығарманың тарихи жəне көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
Білім алушы
Шығарманың тарихи жəне көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут
Ғұлама ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған.« «Аты мен заты үйлесім тапқан жан» атты тақырыпта ғұлама ғалым туралы əдеби сын жазыңыз
Аты мен заты үйлесім тапқан жан
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – ұлы геолог-ғалым , академик. Оның еңбегі қазақ жерінің зор дамуына көмек тигізген. Мысалы : Жезқазған кен орындарының ашуы , қазақ ҒА негізін қалаушы және т.б. Қанышқа арнап Медеу Сәрсеке прозалық кітаптар жазған . Олардың біреуі <Сатпаев> кітабы 2002 жылы жарық көрді .
Шығарманың мазмұны Қаныштың туылған жерінен , Баянауылдын ауылынан басталады. Кішкентай Қаныштың отбасысымен таныстырып, туған туысқандарының естеліктерін көре аламыз. Оқиға байланысы Қаныштың оқуға құштарлығы бар екені белгілі болған соң , оны Том қаласына жіберуге шешім жасалғанымен аяқталады. Шығарманың көркемдік ерекшелігі оның жазылу стиліне байланысты. Осы шығармада бірнеше оқиға желісі бірдей жүріп жатқанымен , оқырманның түсінуіне айдай анық құбылыстар жасалады. Сонысымен шығарма ерекшеленеді.
Менің ойымша , Қаныш Имантайұлы қазақ халқының ең үздік ғалымдардың бірі. Себебі сол заманға қарамастан, ол геология ғылымына еңбек сіңірді , қазақ тілінде ең алғаш <Алгебра> жазды , халықтын қамын ойлаған азамат.
Мысалы , Қаныш атамызды 1947 жылы Лондон парламентіне шақырды. Сол кезде Черчилль одан сұрапты:
-Барлық қазақтар сіз сияқты бойшаң ба?- деп айтты.
Сонда Қаныш Имантайұлы:
-О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік.- деп жауап берген екен.
Шығарманың тарихи маңызына тоқталатын болсақ, бұл шығармада қазақтардың тұрмыс тіршілігі, олардың ауыр жағдайы, проблемалары жазылған . Соның салдарынан , кітапты оқып сол ғасырдың тарихи көрінісін көре аламыз. Кейіпкерлер шын өмірде болғаннан соң, олардын тарихын да біле аламыз.
Қорытындылай келе, шығармадан халқымыздың көршілес елдермен қатынасын ойға түйе аламыз. Автор өз ойын жеткізген деп ойлаймын. Шығарманы көпшілікке ұсынар едім