Оқушының ілгерілеуіне қолдау жасау. Оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру барысында мұғалімдер мен оқушыларға көмек көрсету



Дата09.11.2022
өлшемі328,9 Kb.
#157395

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Суммативтік бағалау
Орындаған: Сапархан Мадина
Алматы 2022

Не үшін бағалаймыз?

Оқушының ілгерілеуіне қолдау жасау. Оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру барысында мұғалімдер мен оқушыларға көмек көрсету.

  • Оқушы қалай оқиды және оны қалай жақсы оқытуға болады?
  • Оқушының жақсы жағы қандай және оны қалай дамытуға болады?
  • Оқушы қандай қиындықтарға кездесті және оны қалай жеңуге болады?
  • Джеймс және Педдер (2006) оқуды бағалау туралы кең таралған ойлардың жиынтығын үш фактормен сипаттап айтып берді :

  • Оқудың айқындығы
  • Өз бетінше оқудың алға жылжуы
  • Нәтижелілікке бағытталу

Бағалаудың қағидаттары

  • оқыту үдерісінің бөлінбейтін бөлігі;
  • әр түрлі әдістерді пайдалану;
  • оқытудың сапасы жөнінде ақпараты бар үдеріс;
  • оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамытады;
  • әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды;

  • оқыту үдерісіне қатысы бар тұлғаларды оқытуды қалай өзгертуге болатыны туралы ақпараттандырады;
  • тиімді кері байланыс арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық орнатады;
  • оқытудың маңыздылығын айқындайды;
  • оқу үдерісін ықпалдандыру туралы және жетістіктері
  • туралы мәлімет береді.


Суммативті (қорытындылаушы) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәннің оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалім әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалім өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздігінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Суммативтік бағалау - бұл оқып-үйрену процесінің қорытындысын жинақтау немесе жалпылау үшiн қолданылатын бағалау. Оқып үйренуде бiлiмнiң парадигмасының біліктілік шеңберiнде немесе оқушыларды қабiлеттiлiгiне қарай оларды айқын есте сақтап, оқиға, ереже, формула қорытып шығаруға дағдыландырады. Оқушыларға мәлiметi бар жұмыс және идеялармен «Оқушы фактілер мен идеяларды топтастыруға, содан соң синтез жасап, қорытып, түсiндiруге, қорытынды қандай болмасын, мәлiметтi жаңаша түсіндіріп, немесе болжап кете алады».
Суммативті бағалау бақылау - тексеру жұмыстардың әр түрiнiң өткiзуiн көздейді. Бақылау- тексеру жұмыстарын құруда оқушылардың тек қана фактілерді немесе өткен материалдарды есте сақтауына ғана емес, жоғары деңгейлi дағдыларын қалыптастыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұруын ескеру қажет. Мұндай тапсырмалардың құру барысында 1956 жылы Б.Блумның ұсынған оқу мақсаттарының деңгейлеріне арналған таксономиясына сүйенуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет