Мектебімізде өткен тоқсанда спорттық жетістіктер де аз болмады.Бокстан халықаралық жарысқа қатысып қайтқан 9 сынып оқушысы Нұржан Ақжол ІІІ орын иеленіп қола жүлде иеленіп қайтты. Қыздар арасында қазақша күрестен Шаймерденова Ләззат әлем чемпионатына қатысып қайтса, аталмыш спорт түрінен Қуанбек Аслан ауданнан І орын иеленіп, облыстық жарысқа қатысып қайтты. Жалпы алғанда Қоянды орта мектебі қазақша күрестен аудан бойынша бірінші орында келеді. Ауданда өткен тоғызқұмалақтан өткен жарыста Уатай Данияр,Асылбек Құлын, Тұрсынбек Сая, Анарбек Акбар, Тұрсынбек Ұлпан сияқты бес бірдей оқушымыз бірінші орын иеленіп алтыннан алқа тағынса, Бәкір Бауыржан, Ерденғазы Арна екінші орын иеленіп күміс жүлде олжалап қайтты. Тоғызқұмалақтан облыстық жарысқа қатысушы бес оқушының ішінен Ануарбек Акбар мен Асылбек Құлын қатысып, Асылбек Құлын 1-орынды жеңіп алып республикалық жарысқа жолдама алып қайтты. Сонымен қатар шахматтан аудандық жарыстан Зарқұмар Мөлдір ІІ орын иеленсе, Ербол Серікболат ауданнан І орын алып, облыстан ІІІ орын иеленіп қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |