Тәуелсіздікке байланысты жалпы мектеп бойынша тәрбие сағаттары жүргізіліп соңы мерекелік концертпен қорытындыланды. Тәрбие ісінің меңгерушісі С.Зандыбай мен бірге мектеп психологі «Инабатты қыз өмірдің гүлі» тақырыбында қыздар арасында жиналыс өткізіп жиынға ауыл мешітінен қонақ шақырып дөңгелек үстел өтті. Ұл балалармен 8-11 сынып арасында ауылдық учаскелік инспектормен бірге тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Арейхан «Құқықбұзушылықтың алдын алу» (ұрлық, бопсалау,төбелес) сияқты ұл балалар арасындағы мәселелер жөнінде кеңес өтті.