"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.
Құндылықтарды дарыту
Әдеп құндылығы
Өзара пікір алмасу және топтық жүмыстарға қатысу барысында әдептілік сақтау, өзгенің ойын білдіруге мүмкіндік беру, өз пікірін білдіруде аргументтерге сүйене отырып негіздеу дағдыларын дамыту.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
Интерактивті тақта
https://www.youtube.com/watch
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Иллюстрациялық көрнекіліктер (портреттер, көркем шығармалар жинағы, оқулық)
Дайындыққа арналған әдебиет
Qadam оқу-әдістемелік құралы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Студент әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Әнұран айтылады
Студенттерді топқа бөліп, сабақ тақырыбын хабарлайды.
Түрлі түсті карточкалар арқылы топқа бөледі.
Кіріспе сөз. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.
Мағжан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, - деп бекерден – бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
(ҚР Конституциясындағы міндеттеріміз жайлы пікіралысу)
Әнұран айту
Топқа бөлу
(ҚР Конституциясын
да көрсетілген міндеттеріміз жайлы пікіралысу)
Интерактивті тақта
Бейнеролик
Үлестірмелі карталар
Сабақ басы
Топқа бөлу
Топпен жұмыс
1-топ «Білімді ұрпақ»
2 –топ « Білім ошағы»
3- топ «Алтын ұя»
Топпен жұмыс
жасайды
Ортасы
Студент сатысы
Шығармашылық саты
Білімділер сатысы
1-саты «Студент сатысы»
«Студенттік өмір ерекшелігі....» тақырыбында студенттер баяу музыка ойнап тұрғанда аталған тақырыпта өмірлерін елестетіп көріп, ойларымен постер арқылы бөліседі.
2- саты «Шығармашалық саты»
Жарнама «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ КОЛЕДЖІМ»
(барлық топ мүшелері қатысуға міндетті)
3- саты «Білімділер сатысы»
«Ұлтына, жұртына қызмет ету- білімнен емес, мінезден»
Ә. Бөкейханов
«Білім қымбат қазына, Қанағат тұтпа азына» М. Әлімбаев
«Білім –адам баласының ортақ қазынасы» Ж. Баласағұни
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов
«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин
Талдау, ой бөлісу
Постер қорғау
Колледжді еркін форматта жарнамалайды
Нақыл сөздерді талдап, талқылайды
Соңы
Рефлексия «1-1-1»
1 сөйлем
1сөз тіркесі
1 сөз
Бүгінгі сабақты алдымен 1 сөйлеммен, одан кейін оны 1 сөз тіркесіне қысқартып, содан кейін сол тіркестен 1 сөз қалдыру.