Өз-араңызда қандайсыз



бет3/16
Дата09.06.2020
өлшемі151 Kb.
#63288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сынып жетекшісіне кеңес


1. Баланың жетістігін байқап, көре беру керек.

2. Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа.

3. Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет.

4. Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс.

5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл.

6. Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ олады.

7. Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл.

8. Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр.

9. Жас боп қалғың келсе, оќушыларының арасында ұзаќ жылдар жұмыс істе.

10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орнында өзіңді дүниенің патшасындай сезін.

11. Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол.

12. Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме.

13. Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың.

14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл.

15. Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр.

16. Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс.

17. Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта.

18. Мұғалім – оқушы – ата – ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта түс.

19. Баланың тағдырына ойланып қара.

20. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу – таң қалудан басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет