Өз балаңыз туралы айтып беріңізші. Баланың есімі, ата-тегі.
Балаңызды үйде, туған-туыстар арасында қалай деп еркелетесіз? Оның үйде қандай лақап аттары бар?
Балаңыздың жасы нешеде?
Баланың отбасы мүшелерін – онымен бірге тұратындарды атап өтуіңізді, өтінеміз. Отбасы мүшелерін атап шығу барысында күнделікте өмірде қолданатын аттарды пайдаланыңыз ( мысалы, Жанна ана, Мұрат әке, Тимур аға, Алуа әпке).
Отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істейді ме?
Егер туған аға-інілері және әпке-сіңлілері, қарындастары болса, олардың жасын көрсетіңіз.
Баланың әжелері мен аталарының аттары кім?
Баланың жиі сөйлесетін ең жақын туыстарының аттарын атап өтіңіз (немере ағалары және әпкелері, ағайлары, тәтейлері және тағы басқалар)
Баланың отбасы толық па? Ондай болмаған жағдайда, бала дүниеге келген сәтте отбасы толық болды ма? (бұл жағдай жинақ ертегілерінің бірін жазған кезде есепке алынуы керек)