Өз білімін жетілдіру



Дата12.09.2020
өлшемі35 Kb.
#63693

Шығармашылық білім беру саласының сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Жасы: (3-4) Екінші кіші тобы «Көбелек»

Тақырыбы: «Күзгі ағаштар»

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы жұмыс жасай алуға үйрету. Күзгі табиғатға деген қызығушылықтарын арттыру.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық: Күз мезгілі туралы әңгіме айту

Сөздік жұмыс: Ағаш, бұтақ, дің, жапырақ.

Дидактикалық құралдар: суреттер, губка, гуашь,тарафет, сүлгі

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың әрекеттері

І - кезең мотивациялық-қозғаушы

Сұрақтар;

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілінде біз қалай киінеміз?

Басымызға, қолымызға, аяғымызға не киеміз?

Суретпен жұмыс. Балалардан суретте қандай жыл мезгілі бейнеленгінін сұрау.

Күз мезгілінде жапырақтар не істейді?

Жапырақтардың түстері қандай?



Балалардың жауаптары:

Қазір күз мезгілі.

Ауа райы суық, салқын, жаңбыр, қар жауады.

Жылы киінеміз. Бөрік, қолғап, жылы куртка, етік киеміз.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.Тақтаға ілінген суреттегі жыл мезгілін сипаттап береді.

Жапырақтар сарғаяды, түседі.

Сары, қызыл түсті


ІІ кезең ұйымдастырушылық ізденушілік

Тосын сәт.

Балалар қарандаршы апай сендерге не әкелді?

Суретте не салынған?

Ағашта жапырақтар бар ма? Қандай түсті?

Неше ағаш салынып тұр?

Қарандаршы біз көппіз, ағаш жалғыз. Оның достары жоқ. Оған көмектесейікші.

Ағаш жасап берейік.

Сергіту сәтін өткізу.

Балаларға сурет салу әдісін түсіндіру.Трафарет пен губканы қалай пайдалану керектігін көрсету. Жапырақтарды саусақты сары – қызыл гуашьқа батырып салатынын көрсету.Балалардың мұқият, таза сурет салуын қадағалау.


Балалар риза болады. Суретте ағаш салынғанын айтады.

Жапырақтардың түстерін атайды.Балалар ағаштың біреу екендігін айтады, оның достары жоқ, ағашқа көмектесітіндігін айтады.

Балалар қимыл – қозғалыс арқылы сергіту сітін жасайды.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бұтақтар

Үп-үлкен болып өседі.

Балалар тәрбиешінінің сурет салу әдісін қарайды, трафарет пен губға арқылы ағашты салады, саусақтарын сары гуашьқа салу арқылы сары-қызыл жабырақтарды салады.






ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші

Балалар біз ненің суретін салдық?

Ағашты қандай түспен салдық?

Жапырақтардың түстері қандай?

Балалардың мадақтау.




Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Ағаштың суретін салдық.

Ағашты қоңыр түспен , жапырақты сары- қызыл түспен салғандығын айтады.




Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Күз мезгілінің ерекшеліктерін

Түсінеді: Дәстүрден тыс сурет салу әдісін пайдаланып, күз мезгіліне сипатта беру

Қолданады: Күз мезгілінің құбылыстарын айту, суретті мұқият, таза салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет