Озат педагогикалык тәжірибе мен инновация. Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым. Инновация туралы ұғым



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,02 Kb.
#109887
  1   2   3
Байланысты:
№7 Дәріс


Озат педагогикалык тәжірибе мен инновация.
1. Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.

2. Инновация туралы ұғым

3. Озат педагогикалық тәжірибенің маңызды белгілері.
1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе дегеніміз оқыту, білім беру және тәрбие практикасы, дәлірек айтсақ нәтижесі - оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты түрде педагогикалық нәтиже беріп отыратын оқыту және тәрбие практикасы. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, өдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болады. Шебер мұғалімнің озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар практика, басқаша айтқанда жаңашылдардың практикасы. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектептің практикасына жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте нағыз жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің практикасына енгізуге болады, бірақ жаңашыл-мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған проблемаларды тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір проблеманы шешу үшін әдіс- тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып отырады. Мұғалім оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті қорытындылар жасайды.

Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Олар: сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамалары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет