3. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданылатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Олар: Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер. Мысалы: Армысың, Қасым інішек, көптен бері біліс ек. Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым (Төле би). Кендебай есіктен кіріп келіп: -Дат, тақсыр,-дейді. -Датың болса, айт!-дейді хан ақырып. Бұл сияқты сөздер адамдар арасында бір-бірін қоштағанда, бір нәрсеге назар аударғанда немесе керісінше қоштамағанда, амандасқанда, қоштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. Мұндайлардың өз мағынасы түсініксіз де болады, ал, тіпті, түсінікті болғанның өзінде де олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы: «салаймағалейкум» -түсініксіз; «арма, бар бол» -дегендер түсінікті, бірақ өз мағынасында емес. «Жол болсын!» дегенде алғыс айту емес, тілегін тілеу емес, «неғып жүрген адамсың «дегендей сұрау жатыр. «Хайыр, хош» дегендер араб, парсынікі. Бұлар сөйлемге тән жалпы заңдылық бойынша құралмаса да, сөйлем болып табылады. Сондықтан одағай қатарына жатады (17. 92-93).
Достарыңызбен бөлісу: |