жазылуыайтылуы Жүсіпбек Жүсіппек
Кеңесбек Кеңеспек
2. Біріккен сөздің бірінші сыңары не ұяң не сонор дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екінші сынарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естіледі.
Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляцияның мынадай өзіндік белгілері бар: 1.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғықатаң дыбыстың әсерінен келесі сөздің басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы: