Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


Жазу сабағында жаңа әріпті жаздыру ҥлгісі



Pdf көрінісі
бет33/151
Дата11.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#142420
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151
Байланысты:
ana tln oqytu adstemes 2

Жазу сабағында жаңа әріпті жаздыру ҥлгісі
Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны жӛн. Мҧғнлім балаларды 
жазуға қызықтыра білуі қажет. Мәселен, А ӛрпін жазып ҥйренуге арналған 
сабақтың кіріспе әңгімесі шамамен былай болады: Оқу сабағында біз А 
әрпінің баспа тҥрімен таныстық. Қазір жазба тҥрімен танысамыз. Әрбір 
сауатты адам бҧл әріпті әрі дҧрыс, әрі әдемі жаза білуі керек. Егер оны 
дҧрыс жазбасаңдар, оның қандай әріп екенін тану ӛздеріңе де, басқаға да 
қиынға соғады, ешкім сенің жазғанықды оқи алмайды. Ол басқа әріптердің 


52 
жанында тҧрғанда да нашар кӛрінеді. Сендер жақында апа, ата, ана деп 
жазатын боласың-дар. Бҧл сӛздерде екі-екіден а әрпі бар, сондықтан ӛте 
жақсы жазуды ҥйренуіміз керек. Әріпті тану, әрі дҧрыс жазу оқай емес. 
Әдемі жазу ҥшін, жақсы жазуға талаптану керек. Ол ҥшін әр әріптің қалай 
жазылатынын еске сақтау қажет. Қазір мен сіздерге а әрпі қалай 
жазылатынын кӛрсетемін, оны кәріп, еске мҧқият сақтап алықдар. 
Мҧнан соң оның жазба тҥрінің кіші және бас әріп ҥлгілері кӛрсетіліп, ол 
қандай элементтерден тҧратыны тҥсіндіріледі де, ол элементтерден тҧтас 
әріпті қҧрап жаздыртады. 
Оқушылардың жаңа әріпті жазуы оларды әріптің жазбаша ҥлгісімен 
таныстырып болған соң басталады. Оқушыларға әріп элементі кӛрсетілген 
бірінші жолды таптырады да, ондағы әріп элементінің жазылуына назар 
аудартады, жазу жолының қай тҧсынан бастап жазу керектігін тҥсіндіреді. 
Қызыл тҥспен жазылған элементті қҧс тілінің бағыты бойынша бастырып 
жазу ҧсынылады. Бастырып жазғанда жасалынған қол қимылын еске сақтай 
отырып, оны ауада жазып кӛрсету талап етіледі. Тағы да жазылуын еске 
тҥсіріп, әрі қарай сол элементті сол жолға жалғастырып жазу тапсырылады. 
Со-нан соң балалар ӛздерінің жазғандарын дҧрыс, бҧрыс-тығын білу ҥшін, 
жол басындағы ҥлгімен салыстырып отырады. Мҧғалім сыныпты аралап 
жҥріп оқушылардың жіберген қателерін кӛрсетіп шығады. Әр оқушыға жазу 
жҧмысының қорытындысына байланысты ескертулер жасап, баға береді. 
Біреулерін мақтаса, біреулерін кӛтермелейді, біреулеріне жіберген қателігін, 
не ескермеген жерлерін кӛрсетеді, ендігілеріне таза жазбай, лас жазғанын 
ескертіп, ҧқыпты жазу керектігін айтады. Әрбір жаңа жазылған әріп 
бҧрынғы қатені жоюға ғана бағытталғанға саналмай, оны дҧрыс жазуды әрі 
қарай жалғастыру деп білу керек. Екі-ҥш жол жазу жазылған соң, сергіту 
минуты жҥргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет