Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


ə) Жай сөйлемдердің есімше аркылы құрмаласуы



бет54/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
Байланысты:
asanova zh

ə) Жай сөйлемдердің есімше аркылы құрмаласуы.


Жай сөйлемдерді бір–бірімен құрмаластыру үшін есімшілер де, көсемшілер сияқты, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сойлемнің баяндауышы функциясында қолданылады. Бірақ есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрған көсемшілер баска бір қосымша тəсілдердің, формалардың көмегісіз – ақ жай сөйлемдерді бір – бірімен құрмаластыру функциясын да тікелей өзі атқаратын болса, есімшілерге ондай
қасиет жоқ. Олар атау тұлғада бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы да бола алмайды, жай сөйлемдерді құрмаластыра да алмайды. Есімшілер жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында, əр алуан тұлғалық құбылыстарга ұшырап, тиянақсыз формаларда айтылады. Сөйтіп, жай сөйлемдерді бір – бірімен құрмаластыру міндетін есімше формаларының өздері атқармайды, оларға жалғанатын түрлі қосымшалар, тіркесе айтылатын түрлі шылаулық сөздер атқарады.
Жай сөйлемдерді бір – бірімен құрмаластыру функциясында есімшілардің барлық түрлері де қолданылады, бірақ құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын қызмет дəрежесі де, формалық құбылыстары да біргелкі емес. Есімшілер ішінде жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында жиі қолданылатыны да жəне формалық, мағыналық құбылыстарға байы да – қан,- ған,- кен,- ген жұрнақты түрі. Енді соған талдау жасайық.
Есімшенің –кан (ған, кен, ген) жұрнақты түрі шақтық мағынасына қарай, тюркологиялық əдебиеттердің кейбіреулерінде осы шақтық деп аталса, екінші біреулерінде өткен шақтық есімше деп аталады. Ал қазақ тілі білімінде осының соңғы атауы қалыптасты.
Өткен шақтық түркі жазулары ескерткіштерінде кездеседі, бірақ жай сөйлемдерді сабақтастыра құрмаластыру функциясында жатыс жалғаулары түрі болмаса, басқалары кездеспейді деуге болады.
Қазақтың ауыз əдебиеті мен ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы ақындар жырларында өткен шақтық есімше қосымшалы түрде де, шылау сөздерге тіркес айтылып та бағыныңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылған. Оны мына мысалдан да көруге болады: Төсек ауылдан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді.
Қазіргі əдеби тілімізде шақтық есімшенің жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы бұрынғыдан əлдеқайда күрделі. Жай сөйлемдерді бір- бірімен сабақтастыра құрмаластыру үшін өткен шақтық есімше алуан түрлі тұлғалық құбылыстарда қолданылады да, соған қарай оның мағынасы да түрленіп отырады.
Өткен шақтық есімше бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда жане мынадай магыналық қатынастарда қолданылады:

  1. Өткен шақтық есімше жатыс жалғаулы формада тұрады. Баяндауышы мұндай формадагы есімшеден болған бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен екі түрлі магналык қатынаста айтылады:

а) Басыңқы сөйлемдегі іс - əрекетті мезгілдік жағынан айқындайды. Əскери киім киіп, əскер тəртібіне аз – мұз үйрене бастаған екі қазақ жігіті кіріп келгенде, Хакім сұп
–сұр болып кетті.
Бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған есімше кейде жатыс септіктің тəуелді формасында да келе береді. Жуынып болып, шай ішіп отырғанымда, жатқан үйімнің бір кішкене баласы жүгіріп кіріп келді. Жылқыға таянып, бір белге шыға келгенімізде, алдымызда төрт–бес ауыл көрінді. Мысалдан байқалып тұрғанындай, бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдер арасындағы мезгілдік қатынас біркелкі емес: мысалдың бірінші сөйлемінде екі компоненттегі əрект бір мезгілдің ішінде қатар басылып, қатар болып жатқаны яғни мезгілдестігі байқаса, кейінгі сөйлемдерден басыңқыдағы іс-əрекет, жай–күй бағыныңқыдағы іс-əрекет, жай–күйлер болып жатқан уақытта басталғандағы яғни мезгілдік жағынан алдыңғысындағы əрекет бұрын, кейінгісіндегі əрекет соң басталғандыгы байқалады. Сөйтіп, баяндауышы жатыс жалғаулы есімшеден болған бағыныңқы компоненттің басыңқы сөйлеммен мезгілдік қатынасы екі түрлі: бірінші, екеуіндегі əрекет бір мезгілде басталып, қатар болып жатады, яғни мезгілдес болады, екінші, бағыныңқыдағы əрекет болып жатқанда, басыңқыдағы əрекет басталады, яғни бірі – бұрын, екіншісі – кейін болады.
ə) Басыңқы компоненттегі іс - əрекет, жай – күйдің болу–болмауының шартын білдіреді яғни шарттық қатынаста тұрады. Бірақ бұл мағына баяндауышы өткен шақтық есімшенің жатыс жалғаулы түрінен болатын бағыныңқы жай сөйлемнің негізгі мағынасы емес, контекске қарай ие болатын көмекші мағынасы. Сондықтан мұндай мағыналық қатынаста ол өте сирек кездеседі.

    1. Өткен шақтық есімше көмектес септікте айтылып, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай баяндауышы бар бағыныңқы компонент өз басыңқысымен тек қарама – қарсы мағыналық қатынаста ғана тұрады. Сүйіндік қанша солғын болғанмен, өзге көпшілік олай емес еді.

Өткен шақтық есімше –ша,ше жұрнақты формада тұрып, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышты бағыныңқы жай сөйлем өз басыңқысымен екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады.
а) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс -əрекет, жай- күйді мезгілдік жағынан айқындап тұрады: Мен қорқыныш үнін шығарғанша, ол менің бетімді əлденмен тұмсалап та үлгереді.
1. Өткен шақтық есімшенің –ша, -ше жұрнақты түріне аяқталған бағыныңқы компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қатынасы жоғарыда келтірілген жатыс жалғаулы түрінікінен өзгеше. Мұнда бағыныңқы компоненттегі іс-əрекет болып үлгергенше, басыңқы əрекет бітіп кетеді. Бұл – басыңқы компонентінің баяндауышы өткен шақты білдіретін сабақтас сөйлемдерге тəн қасиет.
ə) Бағыныңқы компоненттегі іс-əрекет басыңқыдағы іс-əрекетпен салыстырмалық қатынаста қолданылады да, басыңқыдағы іс-əрекетті істеудің салыстырмалы шарты екендігі айтылады.

  1. Атау, кейде шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше соң шылуына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышта бағыныңқы компонент өз басыңқысымен екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады.

а) Басыңқы компоненттегі іс-əрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-əрекетті білдіреді. Кейінгілер шығып болған соң, құтылғанына қуангандай Əсия келді. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразал мен оның қасындағы бала араларын аша берді.
ə) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс - əрекеттің себебін білдіреді.

  1. Өткен шақтық есімше сайын шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс - əрекет бағыныңқыдагы іс - əрекет болған сайын болып отыратындығы баяндалады.

  2. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше кейін шылауына тіркесе айтылып, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс - əрекет əрдайым бағыныңқы сөйлемдегі іс - əрекеттен кейін болып отырады. Тор – орысша жаза, сөйлей білерлік қана дəрежеге жеткеннен кейін, Тілеміс оны əрі қарай оқытпайды.

  3. Барыс жалғаулы өткен шақтық есімше шейін, дейін шылауларына тіркесе айтылып, бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің қай уақытқа дейін болғандығын я болатындығын яғни мезгілдік шегін білдіреді. Оспан жүріп кеткенге шейін, тоңғанына қарамай, соның қасында бəйек болып жүрді. Олар бөктер жолымен айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар.

  4. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше бері шылауына тіркесіп, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс- əрекеттің басталу шегін, солай екендігін білдіреді. Мысалы: Ол жұмысқа шықканнан бері, қалтасынан дəрі - дəрмек арылмайтын.

  5. Өткен шақтық есімше шақта, кезде, уақытта, мезгілде, сəтте, күні, жылы, сағатта, минутта деген мезгіл мəнді сөздерге тіркесе айтылып, бағыныңқы компонент

баяндауышы болады. Мұндай сөйлемдерде басыңқы компоненттегі іс-əрекеттің бағыныңқы копонентегі іс-əрекетпен бір мезгілде болғандығы, мезгілдестігі баяндалады. Мысалы: Көп жұрт Оспан жайын əр алуан айтып жылаған шақтарда, Абай өзі де ақын тілімен іштей əлдіше жырлар шерткен.

  1. Өткен шақтық есімше –дай,- дей жұрнақты формада айтылып бағыныңқы копонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышы бағыныңқылар басыңқыдағы іс - əрекетті екінші бір субъектінің іс - əрекетіне ұқсата, соған салыстыра баяндайды: Барлық іске де бір ашу серпін араласқандай қирау, бүлінулер де көбейіп кетті.

  2. Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі гөрі шылауна тіркесе айтылып та бағыныңқы копонент баяндауышы болады. Сабақтас құрмаластың мұндай түрінде бағыныңқы компоненттегі іс - əрекет, жай- күйдің болуынан гөрі, басыңқы копоненттегі іс-əрекет, жай-күйдің болуы керектігі баяндалады. Копоненттердің мұндай мағыналық қатынастарына негіз болатын да салыстыру тəсілі. Сондықтан бұл тəріздес сойлемдер де салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады. Бірақ сабақтастың бұл түрі жазу тілінде өте сирек ұшырайды. Мұндай мағыналық қатынасты білдіру үшің жазу тілінде, негізінде, бағыныңқы компонент баяндауышы –ша,- ше жұрнақты есімшеден болған сөйлем қолданылады.

  3. Өткен шақтық есімше –дық,-тан,-дік-тен қосымшалы түрде айтылып, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің болу болмауының себебін білдіреді. Есімшенің қалган екі түрі жатыс септігінде жəне кейбір шылау мен шылау мəнді сөздерге тіркесіп, бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болу тіл тəжірибесінде өте сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет