Филогенездік даму үстінде тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің нəтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар - жүйке, ет жəне без ұлпалары пайда болады. Бұл қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде: физиологиялық тыныштық, қозу жəне тежелу жағдайларында болуы мүмкін. Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен органдардың өзіне тəн əрекетін атқармаған күйін айтады.
1-сурет. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық күйлері:
1 - физиологиялық тыныштық; 2 - қозу; 3 - тежелу
Қозу тіндердің физиологиясы
Органдар əрекеті екі түрде - қозу немесе тежелу түрінде бай- қалады. Қозу деп тітіркендіру салдарынан тірі ұлпалардың əре- кетті, белсенді, белгілі бір қызмет атқара алатындай жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физикалық-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биологиялық реакция. Қозу тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тəн қасиет. Организм- де қозғыштық қасиет жойылса, торшалардың қызметі бұзылып, тіршілік тоқтайды.