Өзіңіз баққан баланың шаттығы мен қанағат сезімі қолыңыздағы әрқандай жұмыстан артық. Бұндай сүйіспеншіліктің орнын ештеме баса алмайды. 1- жоғары мектеп бітіргеніме ұзақ болмаған кез еді, сабақтастар бас қоса қалдық



Дата04.10.2020
өлшемі43,5 Kb.
#63881
түріСабақ

Өзіңіз баққан баланың шаттығы мен қанағат сезімі қолыңыздағы әрқандай жұмыстан артық. Бұндай сүйіспеншіліктің орнын ештеме баса алмайды. -1- Жоғары мектеп бітіргеніме ұзақ болмаған кез еді, сабақтастар бас қоса қалдық. Арамызда бір қыз сабақтасымыз жігітін ертіп келіпті. Дастарқан басында, әркім өз қиялын айтып, улап-шулап отырдық. Сөз арасында бала жайына да соға кеттік. Содан мен өз балаңды өзің қарағаның абзал ғой деп сөз қыстырып қалып ем әлгі  жігіт румканы қолына ала лепіріп: Үйтудің қажеті жоқ, баланы кішкене күнінде үлкендерге бақтырсаң, бас аурудан құтыласың. Бала деген пәле ғой. Кішкене бала не біледі? Кім  қараса да ұқсас емес пе?- деді  астамси. Дәп сол кезде оған не дерімді білмей аңырдым да қалдым. Егер мен қыз бала болсам, мына жігіттің сол сөзіне бола-ақ оған қолымды бірақ серпер едім. Өйткені мен қанша қиын болса да баланы әрбір ата-ана өздері қарау керек деген идеяны ұстанатынмын. Бала үшін ең ауыр соққы – сізді қажет еткен кезінде, сізді көре алмауы. Ол ержеткен соң, керісінше қыр соңынан қалмайтыныңыз. Баланың алғашқы 0-6 жас аралығындағы мезгілі. Бұл мезгілде ол ата-анасымен бірге болатын, құшағында еркелеп ұйықтап, әке-шешенің ертек айтуын асыға күтетін, серік болып бірге ойнауды қажет ететін мезгілі. Бұл мезгіл жаратқанның бізге ата-ана болудың ең маңызды, ең ұтымды орайын берген кезі. Осыдан кейін, бұл орайлар біртіндеп азая береді.  Осыдан кейін  баланың өз құрбысы, өзінің тұрмыс тәсілі, қызығу әуесі пайда болады, ол дербестене бастайды да, енді біздің етегімізге бұрынғыдай орала бермейтін болады. Өте-мөте, толық орта мен жоғары мектепке қадам қойғанда, біз тек оның соңынан ұзақ-ұзақ қарап қала береміз немесе сабырсыздана жолына қараймыз. Баламен бірге болатын уақытымызды қастерлейік, қанша қиын болса да балаңызды өзіңіз қараңызшы... Балаға ең қажетті кезде ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтындығы себепті, болашақта балада қарсыласу психикасы белең бергенде, тек аһ ұрып, өкінетін боламыз. -2- Кезінде көптеген бас-көзсіз, үйінде қалған балалардың тағдырын көріп іштей қатты азаптанып мазасызданғамын. Сорақысы көптеген ересектер бұл балаларды әлі толық ес тоқтата қоймаған деп жеңіл қарайды. Ешкім де олардың жан дүниесіне үңіліп, олардың санаға ие кемеліне келген адам екеніне мән бермейді. Психологиялық зерттеулерде, бір жастағы нәрестенің өзі кемеліне  келген адам ретінде саналады екен. Әсте, ішіп-жегеннен басқаны білмейтін мақұлық емес екенін айтады. Ата-аналар баланың кемелді мінез-құлқына сәл қараған күннен бастап, ол баласын зақымдайды не жоғалтады. Балаға немқұрайды қарау баланың ішкі жан әлеміндегі психикалық сұранысты ескерусіз қалдырады. Бірнеше күннің алдында, бастауыш мектепті бірге оқыған құрдасыммен кездесіп, шүйіркелесе қалдым. Ол: «жақында тағы екінші баламыз өмірге келмек, сонда оны кім қарайды? Қарияларға апарып берсем, олар үш жыл қарап берсе, содан әкеліп бала бақшаға берсем деймін. Тұңғышымды да сөйткенмін, екіншісі де солай болатын болды» - деді қарқылдай. Алайда, ол қариялардың бұл мәселеге қалай қарайтынын ойлады ма екен? Әлі есімде, көктем мерекесі қарсаңында, оның үйінің маңынан өтіп бара жатқамын, қарттарға кездесе кетіп, аздап әңгімелестік. Сонда оның тұңғышы 3 жастар шамасында еді. Мені көре салып сәби әжесінің артына тығылып, маған жаутаңдап қарап тұрды. – Бара ғой, әкеңнің досы ғой, - деді әжесі. – Оқасы жоқ, дедім мен. – Бұл бала жайшылықта өте ақылды, бірақ кісіге жоламайды, су жүрек, - деді әжесі қысыла. Сондағы баланың жаутаңдай қараған жанары әлі күнге көз алдымда. Жақында ғана біздің ауылда болған іс еді. Шешем ауылға барып келген соң, маған нағашыларымның ауылындағы мына бір бала жайлы әңгімені айтып берді. Балақай екі жас шамасында, өте ақылды, сүйкімді екен. Қап-қара  қарақаттай қой көздерінен бір қарағаннан-ақ оның зеректігі білініп тұратын. тамақты да өзі жейді. Бір шыны бықтырылған күрішке бір қасық сорпаны құйып, жарты шыны тамақты тауысып алады екен. Кіші дәреті   қысып, бұтына қоя берсе, таяқ жейтінін біліп тығыла қалатыны тағы бар. Әжесі ұстап алса бірер жарым шапалақ тимейтіні қайда? Таяқ жесе де жыламайды, жылағысы келмейді емес, жылаған сайын тиетін таяқ жеңіл болмасын біледі ғой, деді шешем. Бұл баланың әке-шешесі сыртта жұмыс істейді. Оны шешесінің апайының қолына апарып қойған. Қарияның қолында онысызда үш бала бар екен, сырттан келген «кірменің» жосынды болғаны керек қой  қалайда. Жұрттың бәрі бұл баланы өте ақылды, жуас, бапқа көнеді деседі. Меніңше балаға, шынында, обал. Соншама кішкене сәби басқаның қабағына қарап жәутеңдеп жүрсе, ішің қалай ашымасын. Мұндай ортада өскен баланың психикасында мүмкін ержеткенде кінарат байқалар. Психолог Уннкодд жеке басындық дамуға тоқталғанда: «Баланың өміріндегі алғашқы жылдардағы көңіл күй сезімінің даму адамзаттың тұлғалық психикалық ақаусыздығын қалыптастырудың негізі» дейді. Көптеген балаларға қатысты дело деректерінде: Басым көп санды мінездемесінде кінарат бар бала кішкене күнінде үнемі тектеуге жиі ұшыраған, балағаттан жүрегі жараланған тіл алғыш, жуас балаларда көбірек болатынын. Осы балалар кінарат жастық мезгілге барғанда, қоғамға қарсы мінездеме қалыптасып, жаман әдеттер мен жамандыққа құмарлықты бойына оңай жұқтырады екен. Баланың көңілі бейне көркем бақша сынды. Бала күнінде көңіліне сүйіспеншіліктің тұқымы егілмесе, оған күн нұры мен жаңбыр тамшысы махаббатын сыйламаса, онда оның ортасын қараңғылық пен арам шөп басары даусыз. Сондықтан, көптеген ата-аналар баласы есейгенде барып бірақ біледі. Біледі де кешіккенін ойлап налиды. Бала ержеткен соң, кезіндегі       еріншектігіңіз бен рақатқұмар бойкүйездігіңіз ғой сізді еселеп жазалайтын. -3- Баланы өзіңіз қарағанда барып оның ішкі жан дүниесіне ендей алатын   боласыз. Бір ана болған әйел маған баласының өзіне онша мейірлі емес екенін, сол үшін оны қарағысы келмейтінін айтады. Мәселен, бала сіздегі аналық мейір мен махаббатты сезіне алмай тұр ғой-әттең... Егер баланы өзіңіз асырамасаңыз, баланың өн бойы біткен кінараттай сезіледі. Өйткені сіз баланы түбірінен түсінбейсіз ғой. Сондықтан сіз баланың қылмысына қарата мәміледе болғанда, алдымен өзіңізден алдыңызда тұрған осы «сотқарды» қаншалық түсінемін деп сұрап көріңіз. Егер өз балаңызды өзіңіз қарап асырамасаңыз, ата-ана болдым дегеніңіз жай әңгіме. Сіз тек оны өмірге әкелушісіз. Нағыз мәндегі ата-ана болуға толымдылығыңыз жетерсіз. Бала жөнінен алғанда, туып қана, асырамаған адамның құны ол үшін шіркін-ай емес. Өзін жетімнен бөтен санамайды. Ата-ана баланы өмірге әкелумен қатар, тәрбиелеу жауапкершілігін арқалау керек. Бала сіздікі, қариялардікі емес. Ата-ана болу еріккенің ермегі не «үйшік, үйшік» ойыны емес, онда ешқандай қиналмай басатын төте жол да жоқ. Бірақ адамзат адамзат болғалы өз ұрпағын еш бодаусыз бағып-қағып келмей ме? Балаңыз қасыңызда болса сіздің балаға бергеніңізден аларыңыз тіптен мол болатыны шындық. аударған:

Махаббат Құдайбергенқызы 6alash ұсынады
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет