Өзін – Өзі тану 4 сынып тақырыбы: Жанды су



Дата04.01.2022
өлшемі83,29 Kb.
#109575
Байланысты:
27 cабақ , Жанды су


ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ 4 - СЫНЫП

Тақырыбы:

Жанды су



Әзірлеуші: Оймауытова Айдана Танатканкызы, Өзін – өзі тану пәні мұғалімі, Нұр – Сұлтан қаласы, Ахмет Байтұрсынұл«№ 48 мектеп-лицейі»

Дәйексөз

Бұлақ көрсең, көзін аш!





Халық нақылы

 Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

 


Әңгімелеу

 Судың есте сақтау қабілеті

Судың есте сақтау қабілеті бар. Жапония зерттеушісі Эмото Масару су құрамының өзгеретіндігін зерттеген. Екі бірдей ыдысқа су құйып, біреуіне жақсы, жағымды сөз, екіншісіне жаман, жағымсыз сөз айтқан қағаз жапсырған. Сулардан түзілген кристалдарға қарағанда, жағымды сөз айтқан су кристалының өте әдемі, ал жағымсыз сөз айтқан судағы кристалдардың пішіні бүлінгендігі анықталған.

Суды ішкен кезде адамның ойы, көңіл күйі жақсы болса, судың құрамы да жақсы болып өзгереді. Ал адамның ойы, көңіл күйі жаман болса, судың құрамы жаман болып өзгереді де, адамға жағымсыз әсер етеді. Сол себепті адамның ойы түзу, сөзі дұрыс, ісі де ойы мен сөзіне сәйкес болуы тиіс.

Суды үнемдеу, қорғау, сақтау – әрбір адамның парызы.

 

Жақсы сөз айтқанда Жағымсыз сөз айтқанда



Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап,

біліп алыңдар.

№1 Тәжірибе Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не

байқадыңдар? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Түйін: Су ағады, ол сұйық.

№2 Тәжірибе Балалар судың дәмін көріңдер. (Балалар өздерінің

күнделікті су ішетін стақандарын қолданады) Дәмі қандай?

Түйін: Судың дәмі жоқ.

№3 Тәжірибе Суы бар стақанды алыңдар. Оған қасық салыңдар. Қасық

көріне ме? Түйін: Су мөлдір.

№4 Тәжірибе Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар. Судың

түсі қандай?

Түйін: Су түссіз.

№5 Тәжірибе Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы

мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін

білуіміз керек. Ол үшін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз.

Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге

шақырамыз. Мұрнымыз не сезді? Судың иісі бар ма?

Түйін: Судың иісі жоқ.

Жаңа ақпарат

Су – табиғаттың сыйы. Су – байлық. Су – тіршілік көзі. Су адам өміріне өте қажет. Су – таза, иіссіз, мөлдір. Су табиғатта қатты, сұйық, газ күйінде кезедеседі.

Судың емдік қасиеті бар. Табиғатта шипалы сулар көп кездеседі. «Судың да сұрауы бар», «Судай таза бол», «Сумен бекер ойнама», «Суды босқа төкпе» деп бекер айтылмаған.

Адам баласының судан үйренері көп. Су көздерін таза ұстап, оның қадірін біліп, қорғау қажет. Суды үнемдеп, сақтау керек.



Осымен сабағымыз аяқталды!

Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет