54
талай ата-ана баласына айтқан да шығар.
Әйтсе де әкенің баласына деген жүрек дүрсілі деп қабылдарсың.
Мынаны естен шығармашы:
1. Жақсылықтан ешқашан күдер үзбе!
2. Бар мүмкіндігіңді пайдаланып, мақсат еткен бағытыңа
жұмылдыр.
3. Бойыңдағы қабілетіңді дамыта түс.
4. Өмірдің өзі азаматтығыңды,
адамдығыңды көрсетіп, өзіңді
дәлелдеуден тұрады.
5. Білмеген – ақымақ емес, білгісі келмеген – ақымақ. Өмірде
білмегеніңді үйренуден еш жалықпа.
6. Айналаңа қатыгез болма!
7. Ешқашанда жау арттырма!
8. Қайта досыңды көбейт, қолыңнан келсе жақсылығыңды аяма!
9. «Өнерден – жақсы, білімнен – үлкен, ұяттан –
сұлу нәрсе,
қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ» (Сократ) екенін ұмытпа.
Алтыншы хат. Өмір ұлағаты.
Ұлым, әркімнің өзінің алдына қойған мақсаты бар. Соған жету үшін
талпынады. Өмір сүру дегеніміздің өзі алдағы күніне нық сену деп білем.
Бұл тұрғыда өзіндік бағдарың болғаны жөн. Өмір жолы қызық та, қиын
да, азапты да. Қашанда жеңіс өздігінен келмес. Түрлі сындарды бастан
өткеріп, одан сабақ ала біл. Сүрінсең жасыма, қайта жалындай түс.
Ізденсең, талаптансаң дегеніңе жетесің. Өмір ұлағатынан үйренуден
жалықпа.
Ал, өмір ұлағаты неде?
Бірінші – бастан өткерген жәйттер. Мұның өзі үлкен сабақ. Әр күнгі
кездескен құбылыс, саған әсер етіп содан жақсылық пен жамандықты
айыра білу.
Екінші – сенім мен ізденіс жолы. Ол тіршіліктегі іс-әрекетіңе бағыт-
бағдар алу. Ойлаған жоспарыңды іске асыруға талаптану.
Үшінші – араласқан жандардан үлгі алу. Бұл өзіңнің айналаңдағы
күнде көріп жүрген жандардың жақсы қасиеттерін бойыңа сіңіру –
деген сөз.
Өмір ұлағаты
1. Бастан өткерген жәйттерден сабақ алу.
2. Ізденіс арқылы сенімге ие болу.
3. Араласқан жандардан үлгі алу.
Жетінші хат. Өмір мақсатына ұмтылу.
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ
55
Арайлап атқан әрбір таңың жаңа өзгеріске толы. Сәт сайын санаңды
сергек ұста.
Меніңше, үнемі жақсылықты, игі істі ойлап дағдыланған жөн. Сонда
ғана нағыз адамдыққа бет бұрасың.
Болашағың бүгіннен басталады. Бүгінгі тыныс-тіршілігің, сана-сезі-
мің, ертеңгі күніңнің дәмді жемісі.
Сондықтан да уақытты бағалай біл.
Ойланбаған, мақсатсыз өткен күн
мағынасыз, мәнсіз болып қалмақ.
Дұрыс әрекет жасамаған, жақсылыққа
қадам баспаған күн текке өтті дей
беріңіз.
Сенің көңіл-көкірегің ашылмаған сандық тәрізді. Рахат та, азап та
соның ішінде. Тек таңдай біл. Асылын ба, жасығын ба ол тек жеке өз
үлесіңде!
Адамның өмірге келгендегі басты мақсаты,
айналаны жазалау,
қаралау емес. Қайта ардақтау, аялау, адамдық сезіміңді арнау. Мынау
жарық дүниеге мейіріммен қарау. Өзгелерге жақсылық жасаған сайын
көңілің көтеріліп, жаншуағың арта түсетінін ұғын. Солай дағдылан.
Шындығында, жақсылық жасай білудің өзі адамды тәрбиелейді. Лев
Толстойдың пікірінше мұның астарында адамға жақсы көрінсем деген
ниет бар.
Пенденің өмірі тыныш болмайды, балам. Демек: мақсатқа ұмтылу,
кері кетпеу, алға адымдау, бақытқа деген ынтызарлықта болу ләзім.
Әрбір жанның мақсаты кемелдене түсу,
өзін жетілдіру, өзгелердің
жанына жақсы із қалдыру деп түсін.
•
Мәтіндегі автордың «Барлық адамда қабілет бар. Тек оны
көрсету үшін кейбірімізге еңбекқорлық, ізденіс, шыдамдылық
жетіспейді» деген ойынан не ұқтыңыздар? Автордың ойымен
келісесіздер ме? Неліктен?
•
Автор «Ойлана білмейтіндерден, жіберген кемшілігінен
қысылмайтындардан қорқамын. Бұлар қоғамның да, өзінің де
нағыз жаулары» дегенде жас ұрпаққа не айтқысы келді деп
ойлайсыздар?
•
Мәтіндегі «тоғыз тағылымнан» қандай тағылым алуға болады?
•
Ата-аналарыңыздың, жақындарыңыздың айтқан осындай
ақыл-кеңестері туралы айтып беріңіздер.
•
Осы мәтіннен іс-әрекеттеріңізді, мінез-құлықтарыңызды
жақсылыққа қарай жетілдіруге қандай кеңес алдыңыздар?
Адамның өмірге келгендегі
басты мақсаты, айналаны
жазалау, қаралау емес. Қайта
ардақтау, аялау, адамдық
сезіміңді арнау.
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ