Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет13/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Әйтеке бидiң аталы сөздерi
Ел аузынан
Болпыш би үлкен баласы Әжiбай мен кiшi баласы Аралды 
науқастанып жатқан Әйтекенiң көңiлiн сұрауға жiберiптi. Ауруы 
жанына батса да, Әйтеке олар кеткенше өзiн аса сергек ұстайды.
– Балықтың күнi көлiмен, бидiң күнi елiмен деген. Елдiң арқасында 
билiкке араласып, қамшы ұстанғанымыз бар, балаларым. Бiзден де 
мiне, күн өттi. Өмiрден өтемiн деп өкiнiп отырған мен жоқ. «Адам өмiрi 
– өзгенiкi, өлiмi ғана – 
өзiнiкi» деген аталы сөз 
бар. Мен сол өмiрiмдi 
өзгеге бере алдым ба? 
Сол ғана көкiрегiмдi 
тырналайды. Екеуiңнiң 
осыншама 
жерден 
iздеп 
келгендерiңе 
ортам толып отыр. 
Ат 
арытар 
жерден 
арнайы 
келiпсiңдер, 
шаруаларыңды айта отырыңдар. Мен кеттiм-бардым жағдайдағы 
адаммын. Әйтпесе, осы халiмдi көре алмай қалып, өкiнiште 
кетерсiңдер....
Көбiне Әжiбай бастап, Арал қостап, екi жас әкелерiнiң сәлемiн 
жеткiзедi. Арада бiраз әңгiме өрбiгеннен кейiн олар: «жақын деген кiм, 
жат деген кiм, туыспен қандай қарым-қатынаста болған жөн, досты 
қалай таңдауға болады, атадан балаға қандай мұра лайық, ел намысы 
мен ер намысы, жаман мiнез, асыл сөз» секiлдi көп-көп сауалдарға 
жауап естiгiлерi келетiнiн бiлдiредi.
– Е-е, сендер менi шындап-ақ сынағалы келген екенсiңдер, – деп 
Әйтеке бiр сәт ризашылықпен желпiнiп қалады. 
– Үйкүшiк кемеңгерден, ел кезген есер артық деген, мен ойларыңнан 
шыға алмай, опынып кетiп жүрмесеңдер бопты. Аурудың өсиетi шала. 
Ал шала пiскен астың асқазанға кесiрi көп. Жас болсаңдар да жер 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


20
танып, ел көрiп қалған сыңайларың 
бар сезiледi. Сырқат жанмен 
сырласу қиын. Аузынан сырдан гөрi 
сарыуайым көп шығады. Сөзiмнiң 
кесiрiн өзiме қалдырып, кесiмiн 
ғана аларсыңдар, қанаттарым!...
– О не дегенiңiз, Әйаға! – 
дейдi жастар, – Ай түнде керек, ақыл күнде керек. Ер қартайса да, ой 
қартаймайды. «Тасты қырна, жасты шыңда, кәрiнi тыңда, атаның ақылы 
балаға азық, жолы – жазық», – дегендi де айтқан өздерiңiз емес пе!..
– Пәлi, жөн-ақ сөз! Ендеше, мен атадан балаға қалар мұрадан 
бастайын сөзiмдi. «Бата – құранның анасы. Атаңнан бота қалмасын, 
бата қалсын. Ботаның құны – бiр-ақ жұт, батаның құны – мәңгi құт. 
Жаңбырмен жер көгередi, батамен ер көгередi деп отыратын баяғының 
данагөйлерi... Адамға тәттiнiң жақыны – туыс. Туыспен сөз қуыспау 
керек. Туысыңнан кетiссең, басың азаяр, құрмет тұтып, сыйлассаң, 
қасың азаяр. Ал осының бәрiн ұйытатын – ақыл ғой. Ақылдының ажары 
– жарқыраған көлге тең. Ақылсыздың ажары бұлт пенен буға тең. 
Ақылсызға айтқан сөз – құмға сiңген сумен тең, ақылдыға айтқан сөз – 
Алаш ұстар тумен тең. Жақсыны ұлықтай бiлу де, жайсаңды қызықтай 
бiлу де – ақылдының iсi. Ақылың – ажарың! Сау дене, азат ақыл, адал 
көңiл – үшеуiмен болады бақытты өмiр», – дейдi Әйтеке би. 
Әйтекенiң аузынан шыққан аталы сөз арындай ағыпты.
– «Аталарымыз ақымақ жұбатқанша, ақылды жылатсын, жаманнан 
сөз естігенше, жақсыдан таяқ же», – деп кетiптi. Ал «жақсы адамның 
жанына жаттың ауырғаны да батады» 
деген рас. Әйтпесе ат арыр жерден 
сендердi Болпекең менiң сөзiмдi 
естiсiн деп қана жiбермеген шығар. 
Жарым ырыс боларлық жақсы 
сөз Болпекеңнiң өзiнде де жетiп 
артылушы едi... Менiң ауырғанымды 
естiген соң, қос жанарындай сендердi жiберiп отырғанын көрмеймiсiң. 
Әне, тана сүтiмен емес, ана сүтiмен ақыл қонған асыл деп сондайларды 
айтады... Ақыл мен мiнез – бiрге туған егiз. Мiнездiң жаманы мен 
жақсысы – ақылдың жемiсi. Жақсы адамның серiгi – ақыл, қанағат, 
әдеп, төзiм, сабыр, үмiт, татулық, бiрлiк. Ер жiгiтке төзiм – тiрек, сабыр 
– қамал, ақыл – әл-қуат, ар-абырой – қазына, қанағат – асыл тас, бата – 
мұра, әдеп – сән, жалған сөз – дерт, ақиқат – ем, үмiт – көңiл азығы. 
Өзiне жақсылық тiлемейтiн адам жоқ. Ал өзiңе жақсылық тiлесең, 
өзгеге жамандық қылма! Айыптың үлкенi – iзгiлiк жасай алмау емес, 
жамандық тiлеу. 
Ер жiгiтке төзiм – тiрек, 
сабыр – қамал, ақыл – әл-қуат, 
ар-абырой – қазына, қанағат – 
асыл тас, бата – мұра, әдеп – 
сән, жалған сөз – дерт, ақиқат 
– ем, үмiт – көңiл азығы. 
Өзiне жақсылық тiлемейтiн 
адам жоқ. Ал өзiңе 
жақсылық тiлесең, өзгеге 
жамандық қылма! Айыптың 
үлкенi – iзгiлiк жасай алмау 
емес, жамандық тiлеу. 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


21
– Тағы да не жайында сұрап едiңдер? Аурудың аяқтан шалғаны – 
миыңа зақым салғаны деген осы.
– Шындық пен жалған жайында айтыңызшы? – дейдi отырғандардың 
бiрi.
– Шындықтың қасиетi жайында ата-бабадан қалған киелi сөз 
қисапсыз. Қайсыбiрiн айтасың. Дегенмен бiр-екеуiн жадылайын. Жiп 
түйiнсiз байланбайды, сөз шындықсыз байланбайды. Алысар болсаң, 
шыныңды айт, қауышар болсаң, сырыңды айт! Мен осы сөздi алғашында 
Төледен естiдiм бе екен... 
Көсем би ұялы көзiнiң нұрлы шуағын мол төгiп, айналасына 
шырайлана қарады. Алыстан арнайы келген жас қонақтардың құрметiне 
жиналып, сегiз қанат үйге сыймай отырған ауылдастары бұрын екi ауыз 
сөз айтса, ентiгiп қалатын дария данагөйдiң осыншама сергектiгiне 
әрi қайран қалып, әрi қуанысып, әңгiме одан әрi жалғаса түстi. Атадан 
қалған асыл сөз ұрпаққа қалар мирас дегеннiң өзi осы екен ғой. 
• 
Әйтеке бидің батаны атадан балаға қалар мұраға теңеуінің 
себебі неде?
• 
Әйтекенің «жақсы адамның жанына жаттың ауырғаны да 
батады» дегенінен нені аңғаруға болады?
• 
Би неліктен «Мiнездiң жаманы мен жақсысы – ақылдың жемiсi» 
дейді? Себебін түсіндіріңіздер. 
• 
Әйтеке би қандай қасиеттерді жақсы адамның серігі деді? 
• 
Мәтіндегі «Өзiне жақсылық тiлемейтiн адам жоқ. Ал өзiңе 
жақсылық тiлесең, өзгеге жамандық қылма! Айыптың үлкенi 
– iзгiлiк жасай алмау емес, жамандық тiлеу» деген ойды қалай 
түсіндіңіздер?
• 
Өзіңіз үшін Әйтеке бидің өсиетінің қайсысы ең маңызды болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет