ІІ ТАРАУ
ТҰЛҒАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
43
«Менің борышым» жобасы
2-кезең
1. Әрқайсымыздың өз сүйікті ісіміз бар. Олар бізге әрқашан
қуаныш сыйлайды. Жобаның екінші кезеңінде осы қуаныштарыңызбен
айналадағы адамдармен бөлісіңіздер. Ол үшін «Қуанышыммен
бөлісемін» акциясын өткізіңіздер. Акция барысында:
•
сүйікті істеріңіз туралы ақпараттық буклеттер әзірлеңіздер;
•
шағын концерт ұйымдастырыңыздар;
•
спорт ойындарын өткізіңіздер;
•
кішкентай балаларға, қарт адамдарға кітап, газет-журнал оқу
сағаттарын өткізіңіздер;
•
кіші сынып оқушыларына үй тапсырмасын орындауға
көмектесіңіздер;
•
өз қолдарыңызбен жасаған сыйлықтар таратыңыздар.
Акция бойынша материалдар жинаңыздар.
2. Әр түрлі мамандық туралы ақпарат жинаңыздар. Төмендегі
кестені толтырыңыздар.
3. Осы кезең нәтижелерін жоба күнделігіне жазыңыздар.
Мамандық атауы
Осы мамандық иесінің қоғамға игі
қызметі жайлы мысалдар
|