57
ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір
қалпында шығатын еді.
Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар.
Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі
болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті
бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік.
Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін
қиындықтар берді.
Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс мәселелер
берді.
Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп
ақыл мен қуат берді.
Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді.
Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және
оларды жеңе алатыныңды дәлелде. («Көбелектен алған сабақ» Өсиет
әңгіме).
6-тапсырма.
Жақсы қасиеттерді жетілдіру, кемшіліктерді жою,
саналы
және мақсатты іс-әрекет жасау, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын
жасаңыздар, дәптерге жазыңыздар.
Абай
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір
мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды,
күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ,
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
(15-қара сөз).
Мәтін бойынша
Өмірмен
байланыс
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ