Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет62/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Ары қарай не болады
(Тәмсіл) 
Жас жігіт қуана келіп әкесіне: 
– Әке, менімен бірге қуан. Мен университетке түстім. Заңгер 
боламын! Бақытымды таптым-ау!
Өте жақсы, ұлым, – деді әкесі, – сен енді көп оқитын боласың. 
Ары қарай не болады?
– Төрт жылдан соң университетті аяқтап, үздік диплом аламын.
– Одан ары қарай не болады?
– Содан соң мен бар күшімді жұмсап еңбек етемін, қорғаушы 
болып жұмыс жасаймын.
– Содан соң ше?
– Одан соң үйленемін, отбасын құрамын, балаларымды 
тәрбиелеймін, оларға білім беремін және жақсы мамандық таңдауына 
көмек беремін.
– Содан соң?
Жетістіктерге қол жеткізіп, зейнетке шығамын – балаларымның 
бақытына қуанып, тыныш өмір сүремін.
– Ары қарай не болады?
– Содан соң ба? – деп жас жігіт бір сәт ойланып қалады. – Иә, бұл 
өмірде ешкім мәңгі емес. Сондықтан барлық адамдар сияқты мен де 
өмірден өтермін.
– Содан соң не болады? – деп сұрады дірілге толы даусымен әкесі. 
– Қарағым, ұлым, содан соң не болады?
Ұлы ойланып барып, сенімсіздеу жауап берді:
– Әке, рахмет саған. Мен бәрін түсіндім. Мен ең бастыны ұмытқан 
екенмін...
• 
Баласы нені ұмытты деп ойлайсыз?
• 
Бұл сұраққа өзіңіз қалай жауап берер едіңіз? 
• 
Тәмсілден қандай ой түйдіңіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет