Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №10 мектеп–лицей
Тақырып:Әдептен озбайық
Мұғалiм: Омарова А.А
Сынып: 5 Оқушылар саны: 20
Құндылық:Дұрыс әрекетҚасиеттер: сенімділік, ізеттілік , ілтипаттық
Сабақ мақсаты: Оқушыларды қарым қатынас мәдениетіне үйрету, олардың туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету
Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық қарым - қатынасын дамытуға ықпал ету
Тәрбиелік: оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
|
Ресурстар:
(құралдар,мәлiметтер,нақыл сөздер,бейне фильм, слайдтар)
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
5 «Т» еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
|
|
Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
«Тістелген алма»әңгімесін тыңдау
Бала алманы жеген соң қандай сезімде болды?
Кейінгі іс әрекеті?
Қарт адам қандай талап қойды?
|
|
Дәйексөз:
«Адамда жақсы қасиет болмаса, Оған бақ та, бақыт та қонбайды.»
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?Дәйексөзді әуелі ұл балалар,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.
Дәптерге жазып алады.
|
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
|
Әңгiмелеу (сұхбат)
Сүйкімді Ботагөз
Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді. Мұғалім сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1) Ботагөз қандай оқушы?
2) Балалар кандай тілек айтады?
3) Ботагөздің тілегі қандай болады?
4) Сендердің қандай тілектерің бар?
|
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 топ: «Үнді анасы» сахналық қойылым көрсету.
2 топ: Дұрыс әрекетке байланысты мақал-мәтелдерді айту
3 топ: «Жақсылық жасайық» өлең шығару.
|
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
|
Топпен ән айту: Жақсылық
Жақсылық бар адамда,
Жүреді әр кез қасында.
Көмектесіп жүрмесең,
Ашылмайды ешқашан.
Жақсылықты сүйемін,
Жамандықты желкенем.
Таңдарын қайсысын білемін,
Жақсылықты сүйемін.
|
|
Үй тапсырмасы:
А.Бейсебай «Реніш және картоп» Әңгімесін оқу
Дәптермен жұмыс №1-2тапсырма орындау
|
|
Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |