Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп: №11 Мерзімі: 26. 09. 2016 Мұғалім



Дата13.12.2016
өлшемі36,91 Kb.
#3713
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №11 Мерзімі: 26.09.2016 Мұғалім: Тлеубердиева Н.Д.

Сынып: 11 Оқушы саны: 13 Тақырып: Жақсылық-жан шуағы.

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:мейірімділік, жанашырлық.



Сабақ мақсаты: Жақсылық жасау дұрыс әрекет болып табылатыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

1) Жанашырлық туралы түсініктерін кеңейту;

2) Жанашырлық, мейірімділік дағдысын дамыту;

3) Мейірімділікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

-интерактивтік тақта;

- қағаздан қиылған тамшылар;

-дәптерлері;

- қалам;

- ән ойнататын құралдар.



Сабақ барысы:

Оқушыларды сыныпқа кірген бетте топқа бөлемін, ол үшін сары, қоңыр, тоқ сары түсті жапырақтар дайындаймын.

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру.

З. Ахметованың «Шуақты күндер» атты мәтінін оқып келуге берілген.

- Бауыржан ата неліктен аяқ-асты ауылға кетуді шешті?

- Неліктен келінінің көзіне жас толды ?

- Бауыржан ата мен келіннің қандай қасиеттерін байқадыңдар?

- Сендер жанұяларыңда жанашырлық пен мейірімділікті қалай көрсетесіңдер?



Кітаптағы материал



Дәйексөз

«Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді» Жан Жак Руссо


Француз халқының көрнекті философы, жазушы, ағартушы, сазгер, ботанигі. 16 жасынан 30 жасына дейін қара жұмысшы болды, музыкант болды, музыкадан сабақ берді. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алды.

- Шынайы жақсылық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Шексіз мейірімділікті қандай әрекеттерден көруге болады?




Оқиғаларды әңгімелеу

«Жақсылық пен Жамандық» ғибратты әңгіме


Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.

Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.

Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:

«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.

— Ненің таңбасы?

— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.

Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:

"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?"

Атасы балаға қүлімдеп қарап:

"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!



  • Атасы мен немересі не істеп отырды?

  • Атасы неге бір ақ, бір қара ит асыраған?

  • «Қайсысына көп тамақ берсем, сол жеңеді» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

  • «Жақсылықтың» жеңіп шығатынына өз тәжірибелеріңнен мысал келтіре аласыңдар ма?

kerekinfo.kz


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс
«Жақсылық тамшысы»

Оқушылар топта жұмыс атқарады.

1-топ «Ой»

2-топ «Сөз»

3-топ «Іс-әрекет»

Тамшы үлгісінде бөлінген қағаздарды үлестіру. Мына тамшыларға жақсы ойымызды (1-топ), жақсы сөзімізді (2-топ), жақсы істерімізді (3-топ) жазуымыз керек.

Балалар әрқайсымыз тамшыдай жасаған жақсылықтарымызды қосқанда үлкен дарияға айналады. Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде тыныштық орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.





Топпен ән айту

«Жақсы адамдар»







Үй тапсырмасы

«Бақыт сыры» І.Есенберлиннің шығармасынан үзіндіні оқу



Кітаптағы материал

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет