«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Мектеп



Дата25.12.2016
өлшемі53,29 Kb.
#4942
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Байет ЖОББМ

Мерзім: _____________ 3

Мұғалім:Алпемаш Е.

Сынып: 10

Оқушылар саны: 8

Тақырып: Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шынайылық, адамгершілік, жауапкершілік, табандылық, мақсаттылық.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «ой-өріс», «ақыл», «дүниетаным», «адамгершілік» қасиеттері жөнінде түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларға шынайылық, адамгершілік ұғымдарын түсіндіру арқылы жауапкершілік,табандылық қасиеттері жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың айнала қоршаған адамдарға ізгі ниеттерін, адагершілігін, шынайлығын, татулық қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылық, адамгершілік, жауапкершілік, табандылық, мақсаттылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Баяу әуен «Скрипка және фортепиано»

Өлең «Жақсы адамдар»

А3 қағазы (4)

Түрлі түсті бояу

Қарындаш


Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсірініз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таңыстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын»

Осындай нұр, махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


  • Балалар, жаттығу барысында не сездіңдер?

  • Қандай күйде болдыңдар?

  • Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?



2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 12 бетіндегі «Мен және менің ішкі жан дүнием» тақырыбына жазған ой толғауларын оқытқызу, талқылау.






3. Дәйек сөз.

«Кімде – кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды-орынсыз бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай етіп қаракет еткен адамды ақылды дейміз»

Абай


  • Балаларға хормен айтқызу.

  • Дәйек сөзді өз сөздеріңізбен түйіндеңіздер.

  • Дәптерлеріне жаздыру.

  • Оқушы жауабы тыңдалған соң, мұғалім қорытындылайды.

Талдау.

Жағымды ой-пікір




4. Әңгімелесу. Өсиет әңгіме.

«Ол – ақыл»

шешендік сөздерден
Бір күні Тезек Төре айналасындағы игі жақсыларды, шешен ділмарларды жинап алып:


  • Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады? Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? Жарығы тұтас елге түскен қасиетті? Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады? – деп сурапты. Төренің өз шешендері жауап қайтара алмай отырып қалыпты.

Сонда үнсіз тыңдап отырған Бөлтірік былай деген екен:

  • Азбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Таймайтын адал қолдаушың біреу, ол – ақыл. Жарығы тұтас елге түсетін шырақ біреу, ол – ақыл. Жел жетпес жүйрік біреу, ол – ақыл. Төре оның сөзін бөліп:

  • Ақыл, ақыл деп тақылдаған сала құлаш тіл берген Құдай саған неғып бармақтай бақ бермеді екен? – деп шешенді мұқата сөйлейді.

Бөлтірік әдепкідей ойларын жалғастырып, былай депті:

  • Ердің басына қонатын бақ біреу, ол – ақыл. Елдің басына қоятын тақ та біреу, ол – ақыл. Ақылсыз басқа қонған бақ баянсыз.


Сұрақтар:

  1. Тезек төре айналасындағы адамдарды не үшін жинады?

  2. Бөлтіріктің бойында қандай қасиеттер бар?

  3. Егер сен Бөлтіріктің орнында болсаң қалай жауап берер едің?

Оқу

Талдау


5. Шығармашылық жұмыс.

Сынып санау арқылы (1, 2, 3, 4) 4 топқа бөлінеді.

Оқулықта 16 бетте берілген «адамға тән алты қасиет» бойынша «Ақыл-ой» ағашын салу:


  1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;

  2. Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;

  3. Тек ілгері бастайтын талабың;

  4. Ешқашан алдамайтын тапқырлығың;

  5. Қиындықта сыналатын қайратың;

  6. Бәрінен күшті ететін ақыл-парасатың.




6. Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар»

әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.




  • Қызылмен белгіленген өлең жолдарынан не түсіндің?




7. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 17 бетіндегі «Ақыл-парасат – жан қуаты» тақырыбына шығарма жазыңыздар.






8. Соңғы тыныштық сәті. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет