Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мерзiмі



Дата01.01.2022
өлшемі22,89 Kb.
#107554
түріСабақ
Байланысты:
5 сын,11,03


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiмі: 11.03.2020 ж.

Тақырып: «Табиғат –шабыттың қайнар көзі»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық

Сынып:5




Мақсаты:

Оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын ұғындыра отырып қиянат жасамау туралы түсінік беру



Білімділік: Адам мен табиғаттың үйлесімділігін айта отырып, табиғатқа сүйіспеншілік ұғымын кеңейту

Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы мейірімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін дамыта отырып табиғатқа қамқорлық танытуға тәрбиелеу

Ресурстар:

(слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?


  • Сынып оқушыларын түгендеу.




Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу



3.Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,

жанға жайлы бір нәрсе бар».

Шоқан Уәлиханов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларын жеткізеді.



Дәйексөзді дәптерге жазу

4. Оқиғаны әңгімелеу

Мұғалім сыйы

Табиғат-ана

А. Мырзағұлова

Табиғат-ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар

өте ақылды,мейірімді екен. Табиғат-ана бір күні ұлдарын шақырып

алып:


- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға кіріседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары :

- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде ? –

дегенде Табиғат-ана:

- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған

қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су,

Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға

адал қызмет етіп келеді екен.

1. Табиғат – ана ұлдарына қандай кеңес берді ?

2. Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры

неде деп ойлайсыңдар?

3. Табиғат – ананың ұлдарының бойында қандай қасиет бар ?

4. Табиғатқа сүйіспеншіліктеріңді, мейірімділіктеріңді қалай

көрсетер едіңдер?





5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

Бейнефильм «Табиғатты қорғайық,аялайық!» осы ссылка бойынша көру: https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU

Постер қорғау: Табиғатқа тіл бітсе адамзатқа не айтар еді ?







7.Үй тапсырмасы:

«Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбында эссе жазып келу.



Оқулық

113-бет





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет