Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Ынтымақ түбі – береке!
Құндылық: Тыныштық
Қасиеттер: татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық.
Мұғалiм: Сейдахметова Асемгуль Нуржановна
Сабақ мақсаты: «Тыныштық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;әр бір оқушынын ұйымшылдыққа, ынтымаққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу және құнды адами қасиеттерін дамыту.
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.Баяу музыка орындалады.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Қазір біз орманға саяхат жасаймыз. Сол орманның таза ауасың терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс, алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңмен толық сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
1.Соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру
Рухани адамгершілік құндылығын қалай түсінесіндер?
«Он екі миллион» шығармасының идеясы не де?
- Шығармадағы жанашырлық қасиетін қайдан байқауға болады.
- Арно жан рақатын қалай тапты?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Дәйек сөз
Игілік – басы ынтымақ,
Ынтымақты елде күн шуақ.
Мақал
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?
Халық мақалымен келісесіздер ме?
Ынтымақ сөзінің мағынасың қалай түсінесіндер?
|
|
Әңгiмелеу (сұхбат)
Мәтінмен жұмыс
Әнет баба әңгімелері
Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтын алты оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп он екі шыбық етіп ортасынан буып:
Міне, енді сындырып көріші,- дейді.
Төле бірден бір бума шыбықты қайдан сындырсын. Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:
Айып етпеңіз, бұл жұмбағынызды түсінбедім, Әнет баба, - депті. Сонда Әнет баба былай деп өсиет айтыпты.
Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тында. Көптің айтқаның тыңдасаң, көп те сенің айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың жеке – дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сыдырған секілді әркім – ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.
- Баба өсиетінен не ұқтындар?
- Баба өсиетінен қандай қортынды жасауға болады?
(Оқушылар жауабын тыңдау, қорытынды шығаруға сұрақтар қою арқылы көмектесу)
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 тапсырма Мақалды жалғастыр:
1.Алтау ала болса,
........................
Төртеу түгел болса,
..............................
2. Ынтымақ түбі – ...........,
Тірілік,тірілік түбі – бірлік.
3. .................... істі бітірер.
4. Ақылдассаң шешерсің.
.......................................
2 тапсырма
Терминнің анықтамасын сәйкестендір.
Ұғым
|
Анықтамалары
|
Татулық
Достық
Ауызбірлік
Бірлік
Ынтымақтастық
|
Адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.
Бірлікке келе, бірге тірлік жасаудын көрінісі, татулықтың белгісі
Мақсаты бір топ мүшелерінің тату – тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білу.
Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи бір тұтастық.
|
|
|
Топпен ән айту
«Бейбітшілік сақталады» әнін орындау
|
|
Үй тапсырмасы. Еліміздегі ынтымақ, бірлік туралы құрбы – құрдастарыңның арасында сауалнама жүргізіңдер. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар.
|
|
Социал негізгі мектебі
Ашық сабақ:
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Сейдахметова Асемгуль Нуржановна
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |