Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_№24____Мерзiм_14.11.2014.ж. _№_ _Тақырып «Ризашылық пен алғыс»___________
Құндылық_ сүйіспеншілік__________Қасиеттер________________________
Мұғалiм_Ергалиева Салима Шаныкуловна_____Класс__3___Оқушылар саны_15___
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Үй тапсырмасын тексеру
-Үш топқа бөліп отырғызу: «Отан», «Табиғат», «Ана»
«Алғыс» мәтіні бойынша.
1-топ: Балалардың «Жер - анаға» айтқан алғысы.
2 – топ: Балалардың «Аспан әлеміне» айтқан алғысы.
3 – топ: Анасының балаларына алғысы
|
Сабақ барысын талдау:
Музыка жіберіліп тұрады. «Мен қандаймын?» тренингін ойнау.Өзінің жақсы қасиеттерін айту. Барлығы хормен: «та-ма-ша» деп айтады.
Смайликтер таңдау арқылы бөлініп отыру.
Қызыл түс – «Ана»
Сары түс – «Табиғат»
Көк түс – «Отан»
Балалар жауаптары тыңдалады.
|
Дәйексөз.
«Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.
Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
|
- Дәптерге жаздыру
|
Әңгiмелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Мәтінмен жұмыс (мұғалім сыйы)
Әңгімелеу: «Ана алғысы»
Сұрақ:
-Бұл мәтінде адамның қандай қасиеттері туралы айтылды? (балалар жауабын тыңдау)
|
Балалар жауаптарын тыңдау.--Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мұғалім өзі ауызша айтып береді.
Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.»
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сахналау:
Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады..Оқушыларды үш топқа бөлу.
Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.
Ойын: «Сәйкесін тап»
«Ана» - өмірге әкелгеніңіз үшін, жақсы тәрбие бергеніңіз үшін, аялы алақаныңыз үшін.
«Отан» - бейбіт өмір үшін, сапалы білім үшін,
«Табиғат» - сарқылмас байлығың үшін, таза ауа үшін, мол жемістерің үшін.
Дәптермен жұмыс
-«Алғыс» мәтіні бойынша дәптердегі сұлбаға кімнің кімге алғыс айтқанын орналастыру.
|
І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;
ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;
ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.
(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі.)
Әр топ өз аттарына байланысты ризашылығын, алғысын табады.
|
Топпен ән айту.
Ризашылық
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
|
|
Үй тапсырмасы.
-Аяу, аяушылық сөздерінің мағынасы туралы білу.
- «Жанашыр» мәтінін оқып, мазмұнын түсіну.
- «Бөпем менің» өлеңін мәнерлеп оқу.
|
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті. Сол қоржыннан шыққан хатты әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған)
|
Рахмет!
-Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өркенің өссін! Бақытты бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағың жансын! Мұратыңа жет! Өнерің өрге жүзсін! Азамат бол! Еліңе қорған бол!
|
« Отан »
« Табиғат »
« Ана »
Жасың ұзақ болсын!
Таудай бол!
Өркенің өссін!
Бақытты бол!
Білімді бол!
Өнерлі бол!
Бағың жансын!
Мұратыңа жет!
Өнерің өрге жүзсін!
Азамат бол!
Еліңе қорған бол!
өмірге әкелгеніңіз үшін
жақсы тәрбие бергеніңіз үшін
аялы алақаныңыз үшін.
бейбіт өмір үшін
сапалы білім үшін
сарқылмас байлығың үшін
таза ауа үшін
мол жемістерің үшін
өркендеген отан үшін
Отан
Табиғатт
Ана
Достарыңызбен бөлісу: |