«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



Дата22.06.2017
өлшемі70,73 Kb.
#19821
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп №10 орта мектеп

Мерзiм: 8.02.2016 жыл

Мұғалiм Назарова М.К.

Сынып 2 «В» сынып

Оқушылар саны 25

Тақырыбы: Сүйіспеншілік - жүректен.

Құндылық: мейірімділік, сүйіспеншілік

Қасиеттер: сұлулық, жақсы көру, аялай білу.




Сабақ мақсаты:

«Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:
- адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

дәптер,«Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Мұғалім сөзі: Шаттық шеңбері туралы әңгімелеседі.
    - Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.
    - Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
    - Балалар, шеңбер неге ұқсайды?

    Педагог дөңгелекке ұқсайтын бірнеше суреттер мен заттарды көрсетеді.


    Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
    «Балалар! Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т.с.с. ұқсайды екен. Доппен ойнасақ біздің көңіл күйіміз көтеріледі.
    Күн жарық, жылу берсе, ай қараңғы түнді жарыққа бөлейді.
    Жүзікті қолымызға сәндік үшін тағамыз. Ал алма, қарбыз - өте дәмді жемістер мен көкөністер. Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың өзінде қаншама қасиет бар!

    Ендеше шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Өйткені ол бізге күн сияқты жылу береді, шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді анық, еркін көріп, тәтті, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтып, қуанамыз, шаттанамыз. Сондықтан да бұл шеңбер - Шаттық шеңбері деп аталады. Шеңбер бойында бір-біріңе тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.


    Педагог балаларға түрлі суреттері бар үлестірмелі карточкаларды ұсынады, балалар таңдаулары бойынша алады. Педагог балалардың алған карточкаларындағы бейнеленген суреттерге қарап, бір-бірлеріне тілек айтуларын сұрайды.

    Балалар сол сурет арқылы бір-біріне жылы сөздерін айтып, суреттерін де ұсынады. Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.


    Мысалы:
    - Күндей жылы бол!
    - Алмадай тәтті бол!
    - Доптай көңілді бол!
    - Айдай жарық бол!
    - Жүзік сияқты әдемі бол! т.с.с.
    - Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.

    Педагог балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынады.


    Кел, балалар, күлейік!
    Қабақ түйген не керек,
    Кел балалар, күлейік!
    Күлкі көңіл ашады,
    Күлкіменен түлейік!
    Көңілді боп жүрейік!
    Күлкіменен түлейік!
    Күліп өмір сүрейік!

Әңгімелесу


Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап ҚОЙЫПТЫ. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.
Педагог балаларға қызыл, сары, жасыл, көк түсті /дөңгелек пішінді қағаз таратып береді. Балалар сол түстер бойынша топтарға бөлінеді.
Төрт түсті топтарға бөлінген балалар бөлмені аралай жүріп, өздерінің қолдарындағы дөңгелектің түсіне байланысты жасырылған конвертті тауып алып, ішінде не (барын байқайды. Жасырылған конверттің ішінен әдептілікке (байланысты мазмұнды суреттер шығады. Педагог балалардан 1 сурет бойынша әңгімелеп берулерін сұрайды. Балаларға 1-2 минут уақыт беріледі.
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог балалардың жауаптарын төмендегідей түйіндейді.
- Тамаша, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді екенбіз.
Суреттен бір қыз баланың таяқ таянған қарт кісіге қамқорлық көрсетіп, көшеден өтуге көмектесіп тұрғанын көріп тұрмыз. Бұл қыз өте қайырым екен. Біз де осы қыз сияқты қайырым боламыз.
Екінші суреттен табиғат аясында ағаштарға су құйып, гүлдердің түбін қопсытып жатқан бір топ балаларды көріп тұрмыз. Балаларға бірлесіп жұмыс істеген ұнаған сияқты. Олар өте көңілді. Біз де осы балалар сияқты айналамызға, табиғатқа қамқорлық көрсете аламыз.
Ал келесі суреттен сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастарқан басындағы отбасы мүшелерін байқадық.

Мына бір суреттен бір топ баланың ойнап жатқан кезін, олардың бір-біріне ойыншығын беріп, өзара бөлісіп, тату екендіктерін көріп отырмыз.


Керемет, балалар! Суреттерден балалардың сүйіспеншілігі мол, көңілді, бір-бірімен өте тату, қайырымды, үлкендерге, табиғатқа қамқор екендіктерін танып білдік. Ендеше, біз де «Өзін-өзі тану» әлеміндегі балалар сияқты жақсы істерді жасауға үйренеміз, әрі тату, дос, қайырымды, қамқор, жақсы бала болып өсеміз!

Ойын. «Мен де жақсы бала боламын».


Педагог балаларды жағымды істерге жұмылдыру мақсатында «Мен де жақсы бала боламын» ойынын ойнауды ұсынады.
Педагог балалардан көрген мазмұнды суреттері арқылы өздерінің де істеген жақсы істері туралы айтып берулерін сұрайды.

Мысалы:
- Мен де атама орнынан тұруға көмектесемін.


- Мен де ініммен ойыншықтармен бөлісемін.
- Мен де үйдегі гүлге су құямын.
- Мен де ата-анамның айтқанын тыңдаймын.
- Мен де өз ойыншықтарымды шашпаймын.



Ескерту

Шығармашылық

Әңгімелесу


- Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің бізге дайындаған тағы бірнеше сыйлықтары бар екен. Ол не деп ойлайсыңдар, көрейік!
- Педагог алдын ала хрестоматия, карта, әліппе дәптерлерді үстел үстіне қойып, үстін орамалмен жауып дайындап қояды. Әр бала орамалдың астынан бір-бір заттан алып қарайды.
- Балалар, бұл сыйлықтар бізге қандай көмек көрсете алады?
Балалардың жауаптары.
«Өзін-өзі тану» әлемінің бір керемет сыйы, ол - біздің әдемі жұмыс дәптеріміз.
Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйренеміз, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз. Қане, дәптердің бірінші бетін ашып көрейікші.
Педагог балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назарларын аудартады.
Бүл - «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы. Картадағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Суретте кең байтақ Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың отбасы, достары, туған жері, оның табиғаты бейнеленген екен. Осы картаның көмегімен қызықты әлемге саяхатымызды жалғастырамыз




Дәйексөз
Педагог балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» - деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіреді.
Педагог қолына жұмсақ ойыншық жүректі алып, төмендегідей әңгіме жүргізеді.
- Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады?
Педагог балаларға жұмсақ ойыншық жүректі қолдарымен ұстап көрулерін ұсынады да, сүйіспеншілік толы жүрек туралы төмендегідей әңгіме жүргізеді.
- Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейікші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.
- Ал, енді, алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілін тыңдап көрейікші. Балалар өз жүрек лүпілдерін тыңдайды.
- Қандай ғажап!
- Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады.

- Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз? Балалардың жауаптары.


Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, онда біздің жүрегіміз де қуанышқа бөленеді. Сондықтан да біз әрдайым біреуге жақсылық жасап, қуанышқа бөлеп, жақсы көрсек жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп, қуанады. Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды екен. Сондықтан «Сүйіспеншілік -жүректен» деген халық даналығы осыдан шығыпты.
Ғажайып сөздер
Педагог ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Балалар, әр сабақта біз жақсы сөздерді кездестіреміз. Бұл сөздер жай сөз емес - жылы, ғажайып сөздер. Ғажайып сөздер арқылы біздің бойымызда бір жақсы өзгеріс пайда болады, жақсы бала болуға көмектеседі.
Балалар сабақта өткен ғажайып сөздерді педагогтің көмегімен қайталайды.

• Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш...


Қорытындылау
Балалар, біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастадық. Бұл саяхатта біз көмекші құралдармен: дәптер, хрестоматия, картамен таныстық.
Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала екен. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық.
«Өзін-өзі тану» әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.




Дәптермен жұмыс
Педагог балаларға оқулықтағы дәптерде берілген картаның бірінші аялдамасын боятып, суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіп, саяхатты бастап, алғашқы қадам жасағандарына назарларын аударады.
Педагог балаларды келесі көмекші құрал - хрестоматиямен таныстырады.
- Балалар, бұл кітап - хрестоматия деп аталады. Бұл да «Өзін-өзі тану» әлемінің ерекше сыйы. Кітаптың ішінде қызықты ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар жинақталған. Біз осы шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысып, жақсы бала болып өсуге тырысамыз.




  1. Топпен ән айту.

Көңілді ән: “Бол жанымда”




  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.
• Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.
• Мен саған жақсылық тілеймін.
«Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осындай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!»




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет