Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп



бет3/3
Дата12.09.2020
өлшемі26,51 Kb.
#63647
түріОқулық
1   2   3
Сабақ барысын талдау:


Хрустальная грусть» әуені).

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 43 беттегі 12 сабақтағы Р. Әбілқадырованың «Кешірім» әігімесін оқу, мазмұндау.

Әңгімені «тізбек әдісі» арқылы тексеру.

Сұрақтар:


  • Тұрсынның көңілсіз болу себебі неде?

  • Балалардың тентектікке баруын қалай түсінесің?

  • Тұрсын өз қателігін қалай түсінді?

  • Өз қателігін түсіну арқылы басқаға қандай үлгі көрсетті?

  • Атайдың бойында қандай қасиеттер байқадың?

  • Өздерін кешірім жасай аласыңдар ма? Қай кезде кешірім жасаған кездерің болды?




  1. Дәйексөз



«Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы»

М.Әуезов

Хормен ұлдар оқиды.

Хормен қыздар оқиды.

Барлығы хормен оқиды.

Дәптерлеріне дәйексөзді жазып алады.


  • Берілген дәйексөздің мағынасы қалай түсінесіңдер?







  1. Әңгiмелеу

«Құм мен тас»

Өсиет әңгіме

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан тартып жіберді»

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді, батып кете жаздайды. Бірақ досы құтқарып қалады. Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай жазады «Бүгін мені ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тртып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:


  • Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге? –деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

  • Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастау үшін біз оны құмға жазуым керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпенді құмға, құанышынды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар

  1. Достар не үшін ренжісті?

  2. Неліктен бала ренішін құмға жазды?

  3. Неліктен алғысын тасқа жазды?

  4. Кешірімді адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  5. Бұл әңгімеде қандай құндылықты көреміз?

  6. Өзің ренжіген жағдайда көңіл-күйінді қалай білдірер едің?

  7. Өзіңнің кішіпейілділік көрсеткен кезің болды ма? Айтып беріңдер.







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды гүлдердің түстеріне байланысты екі топқа бөліп отырғызамын.

Әр топқа тапсырма беріледі:

1-топ: «Кешіре білейік!» тақырыбына өлең құрастыру

Кешірімді боламыз,

Жұлдыздай боп жанамыз.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ -------------------------------

------------------------------- 3,4 жолдарын құрастыру.

2-топ: Кешірімді болу үшін қажет қасиеттерді тізбектеп жазу.



Баяу әуен қосылады

  1. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 50 беттегі 13 сабақтағы «Өсиет» әңгімесін оқу, мазмұндау. Сұрақтарына жауап дайындау.

2. Дәптердегі 13 беттегі 2 тапсырманы орындау.







Топпен ән айту. «Достар әні»

Әні: А. Асановтікі

Сөзі: Ф.Оңғарсынованікі

Ақ қарамыз, сарымыз

Тату доспыз бәріміз

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық бәріміз.
Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбатанамыз.


Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.


Балдырғанбыз арай жүз,

Бал бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғаның қалаймыз.

Сұрақтар:

Бұл әнде қандай құндылық көрсетілген?







Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.



Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет