53- сұрақ: ҚАЙНАУ Су көпіршіктері қандай жағдайда атмосфералық қысымды жеңіп сыртқа шығады? ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Жауабы: Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
54 сұрақ: ҚАЙНАУ Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар пайда болады? ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Жауабы: Қыздыру басталғаннан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі.