II бөлім. Дидактика 201
Топтық форма бойынша жүмыс істеген кезінде сабакта топтық қүрамын-
дагы көмек қажет болған әр оқушыға басқа оқушылар немесе мүғалімдер
жағынан даралық көмек көрсетілді. Бүл жаппай және даралык жүмыс форма-
сында барлық окушыларға көмек корсету мүғалімге қиын түсетінін корсетеді.
Мүғалім бір немесе екі оқушымен жүмыс істеп жатқан кезінде, басқа
окушылар өз кезегін тосып отырады. Ал жағдай топтық оқыту формасында
басқаша болады. Топтағы оқушылар мүғалім мен мықты кеңесші-оқу-
шылардың көмегін алады. Сонымен қатар көмектесуші оқушы да коп көмек
алады, оның білімі анықталады, тереңдейді, өзінің сыныптасына түсіндіру
барысында оның білімі бекітіледі. Кеңесші топтық жүмысты арнайы пән
бойынша ғана басқарады. Басқа жағынан - ол топтың қатардағы мүшесі, ол
одан жақсы дайындалған, көп ақпарат алған сыныптас - кеңесшісінің басқар-
уымен жүмыс істеді. Кеңесшілердің ауысып отыруы жеке окушылардың
менмендігінің алдын алады.
Оқушылардың сабақтағы топтық формада жүмыс жүргізуі негізінен мақ-
сатты түрде тәжірибелік жүмыс, зертханалық жүмыс, нақты ғылыми пәндерде
тәжірибе жүргізуде жүзеге асырылады, шетел тілі сабағында ауызекі тілді
меңгеруде, мәтіндерді оқу кезінде, тарихи деректерді зерделеу кезінде қол-
данылады. Осындай жүмыстардың барысында қорыгындыларды талқылау,
күрделі өзгерістер болып кегкен жағдайдағы кеңесшімен бірге жүмыс істеу
барынша жүзеге асады. Осының бәрі үзіліссіз өзбетінше жүмыс жүргізу
негізінде жүреді. Бүндай топты үйымдастыру кезінде топтың барлық мүшесі
жүмысқа белсене араласады, әлсіздер күштілердің артында тығылып отыр-
майды, ал күштілер шешім шығарудың бәрін өз қолдарына алмайды. Топтық
оқыту формасы дүрыс үйымдастырылған жағдайда - үжымдық әрекет түрін
көрсетеді, ол үшін жүмыстың барлық топ мүшесіне тиесілі бөлініп берілуі
қажет, оқушылар бір-бірінің қорытындыларын тексеруіне болады. Егер мүға-
лімнің бағыт беру әрекеті, жүмысы болмаса, тиімді жүмыс жасау мүмкін емес.
Топтық жүмыс барысында ор оқушының оқу мүмкіншілігіне мән беріп,
мүғалім мен оқушы арасында жақсы қатынастар орнаса, үлкен табысқа жетуге
мүмкіндігі бар.
Топтық жүмыс істеудегі оқушылардың табысқа жетуі мүғалімге тікелей
байланысты. Мүғалім әр оқушы, ор топ мүшесі мүғалімнің көңіл бөліп отыр-
ғанын сезінуі керек дейді, - Т.А.Ильина. Олардың табысқа жетуіне қызығушы-
лық таныту керек.
Сонымен, сабақтагы оқушылардың топтық әрекеті, В.В.Котовтың жүмы-
сында көрсетілгендей (Организация на уроках коллективной деятельности
учащихся. - Рязань, 1977), келесі элементтерден түрады:
1. Оқушыларды топтық тапсырманы орындауга алдын ала даярлау, оқу
міндеттерін қою, мүгалімнің қысқа нүсқау беруі.
2.Топта оқу тапсырмасын орындауды талқылау жоне жоспарын жасау,
оларды шешу тәсілдерін анықтау (бағдарламалық әрекет), міндеттемелерді бөлу.
3. Оқу тапсырмасын орындау жүмысы.
4. Мүгалімнің топтың және жеке оқушылардың жүмысын байқауы және
түзетуі.
5.Топтагы тапсырманың орындалуын өзара тексеру және бақылау.