П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет173/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   272
Түйін сөз: поэзия, поэзия тілі, көркемдеу құралдары, синекдоха түсінігі, синекдоханы зерттеу.

Поэзия - көрікті, айшықты сөзбен бейнеленетін сөз өнері. Поэтикалық көркемдік сыр-сипаттарын, әдемі айшықтарын айқындау оңай мәселе емес. А.Веселовский «Тарихи поэтика» деп аталатын ғылыми еңбегінде поэзияның қоғамдық міндетіне, поэтикалық тілдің дамуына тоқтала келіп, поэзия тілінің образдылығы жайлы: «Поэтический язык не низкий, а торжественный, возбуждающий удивление, обладающий особым лексиконом, чуждым прозе, богатым эпитетами, метафорами, сложными словами, производящими впе-чатление чего-то не своего, чуждого, поднятого над жизнью, страинного», - деп пайымдаған болатын [1, б. 272].


Поэзия тілі жайлы ғалым Ә.Қоңыратбаев былай дейді: «Ақындық шеберлікке тікелей қатысы бар мәселенің бірі – поэзия тілі. Тіл - көркем әдебиеттің басты бір элементі, образдаудың ең негізгі құралы екені белгілі. Образдаудың троптық, тілдік, синтаксистік-фигуралық және типтік-характерлік арналары бар десек, осының екеуін де тілсіз жасауға болмайды. Ал, поэзияға келгенде, тіл музыкамен қанаттасып, адам жанын меңгертетін күштердің ең сиқырлысы болып табылады» [2, б. 117].
Қасым Аманжолов - поэзиядағы бейнелеу құралдарының өлшем – өрнектерін жаңарта, жақсарта отырып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, поэзияда өзіндік үні бар, поэтикалық тілі шұрайлы ақын. Ол қазақ поэзиясына жаңа ажар, соны сипат қосты.
Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігінің айқын көрінісі – эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу, меңзеу (синекдоха) және т.б. бейнелеу құралдары оның өлеңдерін көркемдік жағынан байытып қана қоймай, автор өлеңдерінің мән –мазмұның ашуға көмектесіп отырады.
Олай болса, Қасым Аманжолов поэзиясындағы синекдохалардың қолдану ерекшелігіне тоқталсақ. Синекдоха туралы ой қозғамас бұрын, осы терминнің теориялық қыр-сырларын айқындап алғанымыз жөн. Өйткені, академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтқанда: «... не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн» [3, б. 9].
Сөздерді мән – мағына байланысына қарай құбылтып, ауыстырып, бір бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін, бөлшектің орнына бүтінді қолданудың бір түрі – меңзеу (синекхода) деп аталады.
Ұлттық энциклопедияда меңзеуге мынадай анықтама берілген: «Меңзеу (синекдоха) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі. Мысалы, «мал-жаның аман ба?», «үй-ішің қалай?» дегенде малға немесе үй ішіне қатысты ғана емес, отбасындағы жандардың амандығы түгелдей сұралады. Сондай-ақ елдің бәрі жиылды – «тайлы-тұяғы қалмай келді», қанша балаң бар? – «қарғаң нешеу?», «мал басы түгел», «бағар көбейсін» деген секілді сөз қолданыстарында меңзеу көрініс тапқан. Көркем шығармада меңзеудің алуан түрі кездеседі. «Абайлардай ақын қазақта туа бермейді ғой» деп айту меңзеуге мысал бола алатынын Ахмет Байтұрсынов көрсетеді» [4].
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сөз талғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнекілігі турасында сөз болады. Мысалы, «Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек» [5, б.184] деп, «көрнекі тіл» немесе «көріктеу әдістері» деген қазақша атау беріп, 3 тапқа (көріктеу, меңзеу, әсерлеу) бөліп, оның «көріктеу», «меңзеу» (теңеу – әншейін теңеу, әдейі теңеу), «ауыстыру», «бейнелеу», «дамыту», «алмастыру», «кейіптеу», «әсірелеу», «мезгеу», «әсерлеу» (лептеу), «арнау» («сұрай арнау», «зарлай арнау», «жарлай арнау» түрі бар), «қайталақтау», «шендестіру», «түйдектеу», «бүкпелеу» сияқты түрлерін анықтап береді.
Меңзеу Қасым Аманжолов шығармашылығында басқа көркемдеу құралдарына қарағанда аз кездеседі. Алайда, ақынның бұл көркемдеу құралын пайдаланудағы өзгешелігін, өзіндік даралығын ерекше байқауға болады. Меңзеудің ақынның өлеңдерінде кездесетін бір тобы – ауызекі сөйлеу тілімізде ұшыраса беретін жалпының орнына жалқының немесе жалқының орнына жалпыны қолданып айта беретін қарапайым түрі. Мысалы, Қасым Аманжоловтың «Оқудағы қарындасыма» деген өлеңіндегі мына жолдарға көз салайық:
Ұмытпа: әлде болса жат жаулар бар!
Кертартпа, кеще, кесір жалқаулар бар,
Жырып жеп аузыңнан жатса-дағы -
Сезбейтін ашық ауыз аңқаулар бар.

Әлі де түрлі бұзық, қаскүнем бар,


Қаңғырған, карта ойнаған маскүнем бар
Өтірік, өсек, ұрлық, мақтаншылық
Надандық, сылбыр-салақ, нас «сүмең» бар.

Қылмиған, қылымсыған қырсықтар бар,


Бас бұзар, бәле қуған «пысықтар» бар,
Ас ішіп, пыр-пыр ұйықтап өмір сүрген
Күңгірт ой, көңлі соқыр «мысықтар» бар.
[6, б. 175].

Ақынның осы үш шумақ өлеңі түгелдей көркемдеу құралының меңзеу (синекдоха) түрімен аяқталған. «Жалқаулар, жаулар, аңқаулар, қаскүнем, маскүнем, нас «сүмең», қырсықтар, пысықтар, мысықтар» дегендер жалқының орнына жалпыны қою арқылы жасалған меңзеулер.


«Болат сұңқар» атты өлеңінде:
Тоқсандағы Жамбылдар да,
Жүректен жыр толғады.
[6, б.34].
«Сүйемін мен испанканы» өлеңінде:
Ол махаббат идеалы,
Құмар қылған Байрондарды.
[6, б.100].
«Хан Тәңірі» атты өлеңінде:
Әлдекімдер жайраң қағып, жарқылдап,
Келіп қапты Хан Тәңірге жақындап.
[6, б.92].
«Ақын» өлеңінде:
Амал қанша! Жалмауыздар желікті,
Аямапты, ақын қанын төгіпті.
[6, б.104].
Қасым ақын бұл мысалдарда жалқының орнына жалпыны қолданса, кейде жалпының орнына жалқыны қолданады.
Мысалы, «Айбынды қызыл әскер күші» атты өлеңінде:
Француз бен ағылшын,
Беріп мылтық, қылышын.
Зеңбірегін, кемесін...
Жапон шығып Шығыстан.
Шапты Герман батыстан,
Керіп бәрі өңешін:
Айтақтады ақтарды.
[6, б.187].
Ал, «Айбынды қызыл әскер күші» атты өлеңіндегі мынау жолдарда Қасым бүтіннің орнына бөлшекті, тұтастың бір бөлігін қолданып, әдемі меңзеу жасаған:
Солқылдата жер шарын,
Қуанта жердің «нашарын»,-
[6, б.188].
Ақынның «нашар» деп отырғаны - еңбекші тап, кедейлер. Халық тұрғысынан «нашар» - бүтіннің бөлшегі, тұтастың бір бөлігі. Сонымен қатар, осы өлеңдегі мынау жолдар Қасым ақынның меңзеуді қолданудағы өз жаңалығы болып табылады:
Социалды ордамның
Керегесі жайылды.
Босағасы қағылды,
Шаңырағы салынды.
Туырлығы жабылды...
Қайнап жатыр қазаны;
[6, б.190].
Қасым Аманжоловтың «Жетпіс пен жеті» атты өлеңі бастан-аяқ меңзеуге құрылған. Мұнда жас бала - «жеті», ал ақсақал - «жетпіс» деген санды ғана білдіреді. Осы жеті мен жетпіс арқылы ақын бала мен қарт адамның әдемі образын жасаған. Мысалы:
Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»,- деп.
Жетпіс келед сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.

-Балам, балам, жақсы бол,


Міне, сенің мектебің;
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім,-
Деп бір жетпіс күрсінді,
Жеті нені түсінді?
Келіп жеті мектепке,
Жамырады жас өмір;
Келер заман шуындай
Сонда естілді бір дүбір,
Жеті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды үңіліп.
[6, б.375].
Бұл жолдардан меңзеу арқылы бейнелі өлең жолдарын жасауға болатынын көреміз. Сонымен бірге, образ жасап тұрған сюжетті жолдар емес, дәл сол меңзеуге құрылған жолдардың өзі. Мысалы, жетпістегі шалдың мектепке жеті жасар баласын жетектеп келе жатуы - образ емес, баяндау. Ал «жетпістің сүрініп, жетінің жүгіріп» келе жатуы – образ. Сондай-ақ, «жетпістің күрсінуі, оның күрсінгенінің себебін жетінің түсінбеуі» олардың ішкі дүниесін, психологиялық жайларды, әсіресе жетпістің ой – арманын, ондағы өкініштің сыры мен сипатын ашып тұр. Үшінші шумақтағы ақындық тапқырлықпен қиысқан осы ұрпақ иесі болар болашақ заман шуына, соның хабаршысындай дүбірге жетінің жүгіріп барып қосылуы өте сәтті, символикалық шешім болса, оған жетпістің үңіліп қалуы – табиғи заңдылықтың көрінісі, ақындық шеберліктің куәсі. Бұлардың жиынтығы – Қасым ақын поэзиясының өзіндік ерекше сипаты. Сөйтіп, Қасым ақын шығармашылығынан оның көркемдеу құрал – меңзеу түрін де өте шебер қиыстырғаны танылады.
Қасым Аманжолов поэзиясында осы меңзеу тәсілі арқылы жасалған бейнелілік-көркемдік байлықтар сонылығымен тәнті етеді.
Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңілімде көл жасаман тамшыменен,
Серінің сертке соққан семсеріндей,
Өлеңнің бір өткірін алшы менен, -
деп, Қасым ақын қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелді және көркемдеу құралдарының, сөз өрнектерінің жаңа үлгілерін тауып қолданды.

Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет